Әлихан Бөкейханов ұлы тұлға | Скачать Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1 ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҒАЛЫМ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Әлихан Бөкейхановтың өмір тарихы және ғалымның шығармашылық мұрасы
8
1.2 Әлихан Бөкейханның саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі
16
1.3 Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресі
35
1.4 Әлихан Бөкейханның саяси тақырыптарға арналған мақалалары
46
2 Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІ ҮШІН КҮРЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ
ҚОҒАМДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі және қазақ
мемлекеттігі үшін күрес
52
2.2 Кеңес үкіметінің орнауы және ұлттық мемлекет
65
2.3 XXғасыр басындағы қазақ саяси элитасы және қазіргі Қазақстан
тәуелсіздігі принциптері мен сабақтастығы
71
ҚОРЫТЫНДЫ
79
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
83
ҚОСЫМШАЛАР
85
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қазақ халқы ұлттық
жаңғыртуға, егемен мемлекет қалыптасуы мен Қазақстан Республикасының дүние
жүзілік тарихи процесте алатын орнын айқындауда оның өткен тарихын жан-
жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып отыр. Қазақстан
Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және
құқықтық мемлекет дәрежесі қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен
тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі сипатындағы ұлттық
мемлекеттілікке бағытгалған күресі болды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану
тарихы» деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік,
демократиялық құндылық ретіндt бағалау деп қабылдауға болады. Осындай
қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезендерін толық зерттеп,
қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп отыр.
Ұлттық тәуелсіздік күресінің жемісі болып саналатын Алашорда үкіметі
мен Түркістан (Қоқан) автономиясы тарихы ұлт зиялылары,оның ұлттық
мемлекеттілікті жаңғыртудағы жемісі ретінде болды. Себебі кеңестік әкімшіл-
әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан ойлар ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен
фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап теріс
пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болуы мен
орнығуына жол ашты. Алайда, Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен
тәуелсіздігін алуына байланысты, тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным
бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделесу
мүмкіндігі туды. Отан тарихында халықтың өзін-өзі тануы, мемлекеттілік
мәселесіндегі қиын да күрделі процестерді зерттеу нәтижесінде, әрбір тарихи
кезеңдерде ұлттық зиялылар кызметі арқылы жүретіндігі мәлім. Солардың бірі
өзінің көп үлесін қосқан елім ,жерім деген Әлихан Бөкейханов болды.
Алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілі Әлихан Бөкейханов қазақ елін отарлық
езгіден құтқаруда, ұлт-азаттық жолындағы күресте, өз мемлекеттік
тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушы болды. Әлихан
Бөкейхановтың алға қойған басты мақсаттарының бірі мемлекеттілік мәселесі
еді. Мемлекеттілік мәселесін шешуде Ресей Думасын, патша әкімшілік
органдарын пайдалануға тырысты.
XX ғасырдың бас кезінде Әлихан және басқа да қазақ зиялылары
мемлекеттік жайындағы өз ой-пікірлерін «Айқап» журналы, «Қазақ», «Дача
уалаяты», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Бірлік туы» газеттері арқылы
халыққа жеткізуге тырысты [1].
Әлихан Бөкейхановтардың қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін
жүргізген күресін зерттеу бізге XX ғасыр басында қазақ қоғамы балама даму
жолы болды ма, әлде большевиктер ұсынған бағыт жалғыз ба еді, міне сол
сияқты күрделі мәселені терең ұғыну үшін қажет.
Зерттеудің тарихнамасы. Қазақ халқының отаршылдық, қоныстанушылар
саясатқа деген көзқарасын, кең далаға көлдей ағылған келімсектермен
арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт-азаттық күресінің бағытын, мақсат –
мүддесін ашып көрсете алған. Сондай –ақ, халқымыздың көкейтесті мәселелері
– тіл, сөз бостандығы, дін мәселесі де қозғалады. Әлихан қазақ мемлекетінің
пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттесе
керек. Әсіресе, кіші жүздің, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз хандықтарының
Ресейдің қол астына енуінің себеп-салдарына көп көңіл бөлгені аңғарылады.
Тарихш К.Нұрпейісов Қазақстан – республикам менің. Қазақ Совет
мемлекетінің құрылуы еңбегінде «қазақтың ұлттық-демократиялық
интелегенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Россияның халықты
қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерелеуі және қазақтардың этнос
ретінде сақталып қалуы үшін оның келешегіне қатер төндіріп отырған патша
өкіметінің өлкені кеулеп бара жаткақ жан-жақты экспансиясын тоқтатуды
мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет
органдарының алдында кадеттер ұсынған үлгімен әртүрлі петициялар аркылы
талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұымдастыру, мемлекеттік
Думаның сайлауына белсенді түрде қатысып, парламентке халық өкілдерін
өткізу үшін күресуді мұрат тұтты- деп көрсетеді.
Зерттеудің деректемесі. XX ғасырдын басындағы алдыңғы қатарлы қазақ
зиялылары өздерінін саяси кызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық
құндылыктарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік
және отар-шылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге
ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен
бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі
сияқты жалпы адамзаттык қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан
бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді.
Қазақ зиялыларынын көшбасшылары халықтын саяси жағынан көзін ашу үшін
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін
түсінді. Қазақ зиялыларынын бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге
болады. Ұлттық Қазақ, Қазақстан газеттерінін, Айқап, Сарыарқа,
Абай журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана
өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардын ұлт ретінде сақталуына
көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әлихан Бөкейхановтың қазақ
қоғамына қосқан үлесін, шығармашылық мұрасын танып білу. Қазақстанның
қоғамдық-саяси және мемлекеттілік мәселесіне байланысты Әлихан
Бөкейхановтардың кеңестік дәуірге дейінгі және кеңестік дәуірдегі қазақ
қоғамының саяси дамуына байланысты көзқарастарын ашып айқын көрсету.
Зерттеудің осы айтылған мақсатына байланысты төмендегі міндеттер
қойылды.
-Зерттеу тақырыбына байланысты дерек көздерін айқындау, жинастырумен
қатар оларды талдау;
-Әлихан Бөкейханов және басқа да зиялы қауым өкілдерінің XX ғасыр
басындағы қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін идеологиялық күресінің
бағыттарын анықтау.
-Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және Қазан төңкерісі
кезеңдеріндегі Ә.Бөкейхановтардың ұлттық мемлексттілік үшін жүргізген
күрестерінің бағыттарын анықтау;
— Қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін жүргізілген күрестің жеңіліс табуы
мен ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру идеясының іске аспау себебін
зерттеп ашу.
Қазақ зиялыларының XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және
мемлекеттік қызметтері сияқты тарихи тұрғыдан өз бағасын альш, соңғы төрт-
бес жылда зерттеліп жатқан мәселе.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны Әлихан Бөкейхановтың
ХХ ғасырдың басындағы саяси көз-қарастары, саяси жұмыстары және ұлт
зиялылардың азаттық жолындағы күресі.
Тақырыптың хронологаялық шеңбері. XIX ғасырдағы хандық билік жойылған
кезеңнен XX ғасырдың басында қалыптасқан ұлт зиялыларының және 1917 жылдың
Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі кезеңдеріндегі мемлекеттілік
мәселесінің көтерілуі, сонымен қатар Кеңес өкіметі орнаған уақыттағы қазақ
зиялыларының Қазақ Кеңестік Автономиясы құрудағы қызметтері, Қазақстан және
Орта Азия территориясын межелеу процесіндегі Әлихан Бөкейхановтардың
қызметтері және 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессия құрбандары болуымен
аяқталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдан» және 1824 жылғы
«Орынбор қырғыздары туралы Жарғыдан» кейін қазақ жерінде біртіндеп хандық
билік жойылғандығы тарихымызда белгілі. Міне осы кезеңнен бастап қазақ,
халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңдерін толық қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отан тарихында Қазақ мемлекеттілігін
жаңғырту үшін күрес мәселесін жеке тақырып ретінде қарастырылуынан
туындайды.
Қазақстанда хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы және Ресейдің отарына
айналу кезеңіндегі саяси-қоғамдық, ой-пікірлердің ерекшеліктері мен
мемлекеттілікті жаңғырту мәселесі көрсетілуі.
— Қазақ халқының өз дербестігін, тәуелсіздігін жоғалтқан кезеңнен
бастап қазақ халқының тәуелсіздік пен еркіндік үшін жүргізген күрестері
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыспен тарихи сабақтастықта, бірлікте
қарастырылуы.
-XX ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхановтардың және басқа да зиялыларының
саяси-құқықтық, қоғамдық ой-пікірінің қалыптасу ерекшеліктері және даму
эволюциясы және олардың мемлекеттік-құқықтық, көзқарастарына жаңа деректік
негізде баға беру,
— Кеңес дәуіріндегі ұлт — зиялыларының дербестікке ұмтылған идяларына
баға беру.
Қазақстан мен Орта Азияны территориялық межелеу процесіндегі
Ә.Бөкейхановтардың қызметіне тарихи тұрғыдан баға беру және қарастырылған
мәселелерге байланысты тың деректерін ғылыми айналымға енгізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмыста Әлихан
Бөкейхановтың өмірі, қызметі жайлы қарастырылады. XX ғасырдың бас кезінде
Әлихан және басқа да қазақ зиялылары мемлекеттік жайындағы өз ой-пікірлерін
«Айқап» журналы, «Қазақ», «Дача уалаяты», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан»,
«Бірлік туы» газеттері арқылы халыққа жеткізуге тырысты. Әлихан
Бөкейхановтың шығармалары, мақалалары кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп
қалдырған.Онда Әлихан Бөкейханов халықтың тарихын, өмір салтын, әлеуметтік
жағдайларын қарастырды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыстың барысында нақты кезеңді қарастыру
жағдайында диалектикалық әдістемемен тарихи шындық негізге алынды. Қоғамдық
тарихи процестердің диалектикалық даму заңдылықтарын , тарихи құбылыстарды
обьективті тұрғыда қарастыру бағыты көзделді. Бұл орайда нақты талдау ,
салыстырмалық , көпқырлылық ,жүйелік ұстанымдары кеңінен қолданылды.
Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығымен қоса зерттеу жұмысында мәселеге
қатысты ғалымның жаңа тарихи көзқарасы тұрғысында қарастырылды.
Тәжірибиелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тәжірибиесі мектеп
курстарында, машықтану сабақтарында қолдануға болады. Сондай — ақ жоғары
оқу орындарындағы студенттермен, машықтану, дәріс сабақтарында пайдалануға
болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық зерттеу жұмысының белгілі бір
логикалық жүйе бойынша құрылған: кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан,
пайдалынылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҒАЛЫМ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Әлихан Бөкейхановтың өмір тарихы және ғалымның шығармашылық мұрасы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі
Тоқырауыл болысының 7 аулында 25 наурызда 1866 жылы туған. Қоғам және
мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда
автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бөкейханов
Орта жүз ханы Бөкеидің ұрпағы Ата тегі. Бөкей – Батыр-Мырзатай – Нұрмухамед-
Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Бөкейхановты әкесі Қарқаралы, алып
барып, жергілікті молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш
сыныпты бастауыш мектепте ауысады. Оны бітіргенен кейін 1879-86ж. Қарқаралы
қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-90ж. Омбыдағы
техникалық училищеде оқып, оны “техник” мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1890-94ж. Санкт-Петербургтегі Ориян инситутының экономика факультетінде
оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікір таластарға қатынасып, 20ғ. Босағасын
аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы
қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шындай түсті.
Бөкейханов туралы “Семипалатинский листок” газетінің 1906 жылғы 5
маусымындағы санында жазылған ( сурет 1).
Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік
қозғалыстарға белсене қатысып, әсіресе, солшылдарға ілесетін”.Ол
институттын бітіргенен кейін Омбыға барады. Онда Орман шаруашылық
училищесінде математика пәнінен оқытушы болып орналасады. Социализм
бағыттағы “Степной край” газетінің қызметіне белсенді түрде аралысып, оның
реакция алқасы құрамына енеді. 1896-1903ж. Шербина экспедициясы жұмысына
қатысты. Оның ойынша экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде халқы
үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңнен түсініп, белгілі
– бір тұжымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Бөкейханов экспедиция
жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының
көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық
биліктің талу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын
байқады [2].
Бөкейханов 1905ж. қарашада Мәскеуде өткен земество және қала
қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде халықтың жоғын жоқтап сөз сөйледі.
Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін
көтерді. 1906ж. маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде
Бөкейханов “Халық-бостандығы” партиясының бағдарламасының жұмысын құптап
сөз сөйледі. Бөкейханов Мемлекеттік Думаға Семей обл. Қазақтары атынан
депутаты болып сайланды. Бірақ ол І Мемлекеттік дума жұмысына қатыса
алмады. Өйткені Бөкейханов Дума өз жұмысын бастаған кезде Дала ген-
губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар
абақтасында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума
патшаның үкіметімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін
қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Выборг
үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот
палатасының төтенше мәжілісінің шешімінен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906ж. Омбыда шығатын кадеттік “Голос степи”, “Иртыш” газеттерінде, 1908ж
Петербургте жарық көрген меншевиктік “Пеоварши”, кадеттік “Речи”, “Слово”
газетінде редакторлық қызметін атқарады. Сол жылы Самарағы жер аудырылып,
1909-17ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-17ж кадеттер
партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 20ғ-дің басындағы қазақ
қоғамының саяси және рухани өмірінде “Қазақ” газетін ұжымдастыруда және
оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1915
ж. (маусымда) 15-ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан
буратаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917ж 20-
наурызда Уақытша үкіметтің Торғай обл. Комиссары және Түркістан комитетінің
мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына
келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген жалғыз
қазақ болатын. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді.
Оның жетекшілігімен 1917жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа
жетудің түрлі жолдарын қарастырды. 1920 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық
комиссариаты коллегиясының мүшесі. 1922ж. ұлттар істері жөніндегі халық
комиссариаты жанындағы Орталық баспаның ғылыми қызметкері. 1926ж
Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ
қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алады да, кейін қайтарып, Бутырка
абақтысына жабады. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болады.
Бөкейханов 1927 жылдың 1 қазаннан бастап Мәскеуге, ОГПУ орындарының
бақылауды астында ұруға, қызмет істеуінен рұқсат сұрап орталыққа жасаған
өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 ж және 1930 ж екі мәрте Алаш
қозғалысының белсенді қайраткерлері, тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ
органдары Бөкейхановты бір-ақ рет шықырып түсінік алумен шектеледі [3].
1937ж 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз
үкімі бойынша ату жазасына кесілді. Бөкейханов ақтық сөзінде “Кеңестік
билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін” деп мәлімдеді. 1989 ж
14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы
жоқ болғандықтан ақталды.
1904ж. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу
араласты. 1896ж. оның Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болды, ал 1901ж .
оның басқару комиетіне сайланды. Бөкейхановтың тарих саласында жазып
қалдырған “Истоические судьбы Киргизского края и культурные его успехи”
атты алғашқы еңбегі 1903ж. “Россия” Полное географическое описание нашего
отчества деген көп томды альманахтың 17 томына еніп, Санкт-Петербургте
жарық көрді.
Ол Шербина экспедициясына қатысып, Семей обл, қарасты Павлодар,
Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізген
жұмыстарына қатысып, алуан түрлі деректі материалдар жинады. Экспедиция
біткеннен кейін жиналған. Экспедиция біткеннен кейін жиналған бай
материалды іріктеп, өңдеп ғылыми қорытындысын жазысты. Экспедиция
қорытындысы 1903-1905ж. 13 том болып жарыққа шықты.
Шығармашылық мұрасы. Әлихан Бөкейханның артына қалдырған шығармашылық
мұрасының үлкен саласы – орыс тілінде жазылған монографиялық,
энциклопедиялық сипаттағы ғылыми еңбектері. Бұлардың өз кезінде ең елеулі
баспаларда жариялануы авторға деген сол тұстағы ілтипат, құрметті ғана
емес, туындылардың сапасын мойындауды көрсетсе керек. Ғалымның негізгі
басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне,
шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына,
қазақ жерлерінің отарлану тағдырына арналған.
Осылардың арасында “Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені”
зерттеушінің маңызы айрықша зор. Мұнда қазақ жерінің мыңжылдық тарихы,
өлкені ертелі-кеш мекендеген түрлі ру-тайпалардың, елдер мен ұлыстардың
қалдырған заттық ескерткіштері, сәулет өнерінің белгілері жан-жақты сөз
болады. Қазақ хандығының құрылуын баяндап, ақырында орыс отарлауының
кезеңдерін тәптіштей түсіндіреді. “Қазақ” этнономінің қалай шыққандығы
жөніндегі аңызды келтіріп, “қырғыз” деген орыстар таңған, қате атау екенін
дәлелді көрсетеді.
Қазақ, орыс тілдерінде жазылған мерзімді баспасөзде, әсіресе “Қазақ”
газетінде жарияланған мақалдардың идея-рухы, ой-талғамы, пікір-байламы,
стиль ырғағы мүлде бөлек, бұларда автор негізінен өткен уақыттар емес, өз
заманындағы көкейтесті мәселелерді талдап, әр түрлі ағымдарға баға берді,
өз тоқтаған тұжырымды ортаға салады. Қазақ халқының кешегі өткен
дәуірлердегі хандары, билері, батырлары, барша азаматы туған жердің қарыс –
сүйемі үшін қасық қаны қалғанша шапқыншы жаумен алысып жан алып, жан берсе,
сол асыл тұяқтың алтын ұрпағы Әлихан Бөкейхан бүкіл қайратын, ақылын,
білімін, мінезін, талатын жұмсап, соңғы демі біткенше ұсталған алтын қазық,
биік нысана – ата – мекеннің арыстанның аузында, түлкінің тісінде кетпеуі,
жерден айырылу дегеннің елдіктен, жұрттықтан ыдырап, қайыршыланып, азып-
тозып біту екенін түсіндіру еді.
20 ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгерлеріне қарағанда Әлихан
Бөкейханның бір ерекшелігі оның арнаулы европалық жан-жақты білімі бар,
эрудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, дүниежүзілік тарихтан мысал
Ресей империясы көлеміндегі жағдайлармен сабақтастыра қарайды, кез келген
озбыр патша әкімімен, қызылкөз отаршыл генерал – губернатормен, нәсілшіл
профессорлармен, шовинист, нәсілшіл профессорлармен, шовинист депутатпен,
шарғатқа шұлғыған дін иелерімен, кеудемсоқ кейбір қазақ оқығандарымен
терезесі тең сөйлесе алды.
Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұрасының ішінде жеке адамдарға
арналған шағын ғұмырнамалық кесіндеме, портрет деп атауға болатын бір шоғыр
материалдар бар.
Олар орысша, қазақша екі тілде жазылған. Бұлардың ішінде ең сүбелісі –
Абай Құнанбаевқа арналған әйгілі мақала.
Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы баспа жүзін көрген алғашқы ең
толымды, терең, ғылыми еңбек Әлихан Бөкейханның “Абай (Ибрагим) Құнанбаев”
деген орыс тілінде жазған мақаласы 1906ж. “Семипалатинские областные
ведомсти” газетінде жарық көрді [4].
Шындығына келгенде, Абай мен Әлиханның жас айырмасы екі-ақ мүшел, екеуі
де бір атыраптың, Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің адамдары, сондықтан
бұлардың көзі тірісінде ұшырасуы, сұхбаттасуы әбден ықтимал, бірақ ондай
сөзді Әлихан жазбайды. Әлихан Бөйкейханның ғылыми, көсемсөз, әдеби
мұрасының ішінде жеке кітаптарға арналып, жазылған, бірқыдыру мақала,
рецензиялар бар. Алғашқы еңбектің бірінде Шәкірім Құдайбердіұлының “Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежірісі” кітабы сөз болды. Шәкірім деректеріне
қоса Әлихан “Адамзат тарихы” кітабынан, Н.Н. Пантусов зерттеулерінен,
географиялық қоғам жазбаларынан қосымша дәйектер келтіреді.
Әлихан қаламынан шыққан ең көлемді әдеби, ғылыми, фольклорлық еңбек –
“Қарақыпшақ Қобыланды” деп аталады. Бұл – шағын 8 бап, бөлімшеден тұратын
бас – аяғы дөп – дөңгелек, ықшам ғана монографиялық очерк, әйгілі халық
жыры туралы жұп-жұмыр зерттеу, бір бөлімшеде “Қарақыпшақ Қобланды” жырының
мазмұны қысқаша ғана баяндалады. Зерттеуде ерекше мән берілген мәселе –
жырдағы Қобландының өмірде болған – болмағындығы, мұндағы айтылған
жәйіттердің, баян етілген оқиғалардың тарихи деректермен, сәйкестігі және
сәйкес еместігі.
Бұл еңбек – қазақ сыны, әдебиеттануы, фольклортануы, бастау көзіндегі
ең алғашқы бағалы, ғылыми ізденісінің бірі.
Көркем аудармашы.
Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем
аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой,
А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М. Мамин – Сибиряк сияқты жазушылармен қатар
Европаның өркениетті елдерінің қаламгері. Оқу – ағарту мен ғылымның сан
салаларын қамтитын мектеп оқулықтары тағы бар. Әлихан Бөйкейхантың көркем
аудармаларының басым көпшілігін 20-30 жылдар аралығында, яғни 1920 жылдан
1927 жылға дейін КСРО халықтарының Орталық баспасындағы Қазан секциясының
әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады.
Оған дәлел ретінде аудармалардың шығу мерзімін атаса да болады: А.Н.
Толстойдың “Қажымұраты” 1923 жылдың қыркүйегінде аударылып, келесі жылы
басылған. “Кавказ тұтқыны”, “Жеті қарақшы”, “Жұмытқадай бидай” (Л.Н.
Толстой) – 1925 жылы; “Жетпіс жеті мысал” 1925ж; “Жердің қысқаша тарихы”,
“Дүниенің құрылысы” –1926ж; В.Г. Короленканның “Баймақан”, “Өзі әңгімелері”
–1927ж жарық көрген. Басқа да көптеген аудармалары, мысалға Л. Толстойдың
“Сурат кафеханасы”, “Серуен жасап зерттеу әдісі”, “Бір адамға қанша жер
керек”, Чеховтың “Хамелеон”; В.Г. Короленконың “Оты”; Д.М. Мамин –
Сибиряктың “Қара ханымы”; Н. Маркестің “Қырым сөздері” секілді шағын
әңгімелердің аудармалары. Төңкеріске дейінгі “Дала уалаяты” газетінде “Жас
қазақ” газетінен бастап; Кеңес дәуіріндегі “Темірқазық”, “Жаңа мектеп” және
т.б. көптеген мерзімді басылым беттерінде жарияланып тұрды. Әлихан
Бөйкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист.
Оның қаламынан шыққан мақалалар Ресей астанасының “Сибирские вопросы”,
“Биржевые ведомсти”, “Новая жизнь” секілді газет-журналдарынан бастап,
патша үкіменітің қас – көзі жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп –
қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқты қалаларының
мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы
1900 жылы “Дала уалаяты” газетінен көрінеді. Кейін келе татардың “Фікір”,
“Уақыт”, қазақтың “Серке”, “Қазақстан” газеттері мен “Айқап” журналы
беттерінен оның мақаларын ұштастыруға болатынды. Халықтың сана – сезімі мен
ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген
Әлихан Бөйкейхан, қазақтың тұңғыш басылымы “Дала уалаятының” газеті жабылып
қалған соң, қазақ тілінде газет басуды ұйымдастыруға жан салады. 1905ж
Мәскеуде өткен орыстың “Жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері”
съезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып, съездің
Романов үйінде өткен мәжілісінде жасаған баяндамасында ол былай дейді: “У
нас также преследуется школа с казахским языком, нас тоже давит цензура”.
Вот уже 13 месяцев, например, немогу добиться от цензуры разрешения на
издания киргизского перевода 46-ти басен И. Крылова. Крестянские начальники
(большей частью бывшие ротмистеры) не допускают при рассмотрении дел
казахского языка [5].
Омбы, Семей, Орынбордағы патша чиновниктері кабинеттерінің табалдырыған
тоздырып, ортаға астанадағы талай беделі саяси-қоғам қайраткерін салып,
аяғында рұқсат алды. 1913ж ақпанында тұңғыш саны жарыққа шыққан. “Қазақ”
газеті соның бірден бір жемісі еді. Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен
бұл газеттің бүкіл қазақ зиялыларының басын біріктіріп, халық үшін атқарған
қызметін ерекше бағалау орынды. Бұл газетте Әлихан Бөйкейханның 250-ден аса
мақалары, ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көрді.
Әлихан Бөйкейханның саяси-қоғамдық мемлекеттік қызметтері қай дәрежеде
болды. Соңғы жылдары Әлихан Бөйкейханның осы қоғамдық – саяси
қайраткерлігі жайында М.Қойгелдиев, Х.Әбішев, Б.Қойшыбаев және тағы да
басқа бірталай үлкенді мақалары жарияланды. Ол мақалалар әлі де болса,
бүкіл Ресей империясының еуропалық деңгейіндегі саяси-қоғам, мемлекет
қайраткерлерінің назарын өзіне аударған. Әлихандай алып тұлғаны жан-жақты
таныта алмайды. Оның атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат –
мұрасы ұзақ жылдар бойы терең әрі жан-жақты жинастырып, қарастыруды талап
ететін мол дүние.
Әлихан Бөйкейхан – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге негіз бар. 20
ғасыр басында немес Ф.А. Брокгауз бен орыс И.А. Ефрон секліді баспашылардың
көптомдық “Жаңа энциколопедиялық сөздігін” шығарып тұрғандығы мәлім. Қазақ
өлкесін танушы ғалым Әлекең осы “сөздікті” әзірлеуге ат салысқан. Пәлендей
мақаланы немесе бөлімді Әлихан жазды деп кесіп айтуға орын жоқ. Әйтсе де,
“сөздікке” енген қазақтың трихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы
жайында, қазақтың көрнекті хан – көсемдері және тағы басқа материалдарды
Әлиханның әзірлегені күмән туғызбайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға
дайындаған қызметкерлердің тізімінде Әлиханның аты – жөні 4-томнан 21
томына дейін көрсетілген.
Ә.Н. Бөйкейхан халықтың рухани байлығының – бірі көркем әдебиетке де
көп көңіл аударған ғалым. Қазіргі заманғы ағылшын зерттеушілерінің
пікірінше ол 20 ғасыр басындағы “Қазақ әдебиеті мен баспасөзін дамытуда
жетекші роль атқарған”. Халқымыздың сарқылмас қазынасы – ауыз әдебиеті
мұраларын жинау, оларды жіктеп, өңдеп бастыру, әдебиеттану, көркем аударма
— Әлекеңнің сонау бастан сүйсіне атқарған істерінің бірі.
“Қазақтың ұлы болып өркениетті ел қатарында өмір сүру үшін, ең алдымен,
халықтың сана – сезімін оятатын жағдай тудыру қажет, қазақтың ұлттық тілін,
әдебиетін өрсітету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық
қана азат өмір сүре алады”-деп білген Әлихан ұлттық әдебиетімізді
өркендетуде жан – тәнімен еңбек етеді. Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-
санасын аятуда, халықты надандыө құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға
жетпес орнын ол студенттік күндерінен –ақ түсінген. Сол мақсатта замандағы
қазақтың алдындағы қатардағы зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын
біріктіруге ұмтылады.
Оларды халыққа қызмет етуге, халықты “Масадай” шағып “оятуға”, білім
біріп көзін ашуға шақырады. Сөйтіп Мағжан, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Ғумар,
Көкбай, Жүсіпбек, Мухаммеджан сынды ақын – жазушылары мен көрнекті
зиялыларды жинайды. Әдебиет өкілдерін өркениетті елдердің әдебиетінен үлгі
алуға, үйренуге тартады.
“Әлихан Бөйкейханов фальклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фальклорын
ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді” – деп жазады. Оксфорд
универтитетінің ғалымдары.
Әлихан халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің
өніп-өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. М.Жүсіп Көпеев, Әбу-бәкір Диваев,
Г.Н. Потанин, А. Байтұрсынұлымен қатар ауыз әдебиеті туындыларын жинауға
көп күш салады. Ауыз әдебиеті мұраларын жинауда ол Ф.А. Щербина
экспедициясы құрамында ел аралап жүрген күндері бастаса керек. Күні бүгін
оның өзі жинаған немесе басқаның жинап – терген нұсқаларын өңдеп, ғылыми
түсініктерін жазып бастырған бірнеше кітаптарды сақталған. Атап айтсақ
олар: В.В. Радлов жазып алған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ер Тарғын”
жырының марабай ақынның жазып алған нұсқасы, А. Байтұрсыновпен бірігіп
жинасып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін өзі дайындағын “Қазақтың 4
ғасырдан бергі”, “Жиырма үш жоқтауы” және “Ер Сайын” жырлары.
Жоғарыда айтылғандай, Әлекең халық ауыз әдебиетін жинаумен қатар,
оларды жан-жақты зерттеп, талдаған ғалым. Оның осы саладағы жазған
еңбектерінің мәні жайында Сорбонна университетінің ғалымдары былай деп
жазады: Оның “Қыр баласы” деген – лақап есіммен жарияланған қазақ эпосы
туралы тамаша зерттеулері отандастырының сана – сезімін оятуда зор маңызы
болады.
Әлихан Бөйкейханов тұңғыш зерттеуі – “Женщина по киргизской былине”,
“Қобланды” атты көлемді мақаласы Ташкентте Түркістан генерал –
губернаторлығы жағынан шығып тұрған “Түркістан уалаяты” газетінің 1899
жылғы 9,20 мамыр және 3 маусым күнгі сандарында жарияланды. Зерттеуіне ол
қазақтың жалпы ауыз әдебиеті шығармаларына шолу жасап, оларға академиялық
сипаттама береді: “Памятники народного творчесвта киргиз разнообразные по
содержанию и форме и значителны по количеству …”. Жырлардағы суреттелетін
оқиғалардың және бейнелердің, қаһармандардың тарихта орны болғандығын,
сонымен қатар жырлардың ғасырлар бойы ауыздан – ауызға, жыршыдан – жыршыға
көшіп сақталып келуіне байланысты, жырларға әрбір ақын жыраудың өзі өмір
сүрген заманның ерекшеліктерін — өзіндік тілін, көркемдік айшықтарын,
өмірге деген өзіндік көзқарасын, өзінің позициясын еңгізіп отырғандығын,
сөйтіп жырлардың түпнұсқадан едәуір өзгешіліктермен жеткендеріне назар
аударады. Қобыланды жырына жеке тоқталып ондағы кейіпкерлер әйелдердің
Аналық, Қарлығы, Құртқа, Көклән кемпір әр қайсысы өз кезегімен ой –
пікірлерін айтады [6].
Күні бүгінге дейін Әлихан Бөйкейханның әр түрлі мерзімді басылымдардан
жарық көрген үлкенді – кішілі 10-нан аса зерттеулері табылып отыр. Жоғарыда
үзінді келтірілген екі мақалаға қоса Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман —
Мамыр” дастанын, ғасыр басындағы Махмутсулан Тұяқбаевтың дайындауымен
шыққан “Қара Қыпшап Қобланды батыр” жырын қарастырған фальклорлық сыни
еңбектері мен “Қазақ” газетінің беттерінен әр жылдары жарияланған “Роман
бәйгесі”, “Ән, өлең һәм оның құралдары”, “Роман деген не?” және т.б.
мақаларын атауға болады.
Әлихан “Қазақтың” 1915 жылғы 120 санында жарық көрген. “Роман бәйгесі”
атты мақаласында Міржақып романы “Бақытсыз Жамал” кішкентай ғана кітап. Мен
мұны “Қазаққа” сын жазбақ болып едім. Екі жұма отырдым. Бұл менің бұрын
қылмаған ісім еді. Сонан ба, жоқ менде сын өнерінің жоқтығынан ба, оны
оқушылар білер деп жазған болатын.
Ол “Роман деген не?” деген мақаласын айтып отырса керек. Бұдан біз
-Әлкеңнің халық ауыз әдебиеті туындылары ғана емес. Өз заманының прозалық
шығармаларына да назар аударғанын аңғарамыз.
Әлихан Бөкейхан – тарихшы – ғалым.1877 жылы Дала өлкесінің білім
ордасы, мәдени – ағарту орталығы санатындағы Омбы қаласында орыстың
императорлық жағрафия қоғамы өзінің Батыс – Сібір бөлімінің есігін айқара
ашады. Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларын, ғылым мен өнер
қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі жылдары қазақ даласын ағарту
ісінде, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу жолында алдыңғы қатарда болды.
1894 жылы Орман институтын бітіріп Омбыға қайта оралған Әлихан осы
қоғамның қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерден – ақ белсенділігімен
танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс – Сібір бөлімінің толық мүшелігіне
қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімінің басқару комитетіне мүше болып
сайланды.
Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс – Сібір бөлімінің Семейлік
бөлімшесін ашуға ат салысқанын айта кеткен жөн. Өзі сол Семей бөлімшесінің
және Абай Құнанбайұлымен қатар Семейдің статистика комитетіне мүше болады.
Әлихан Бөкейхан жағрафия қоғамының сүйемелдеумен кіндік қаны тамған
қазақ даласының тарихынан көп зерттейді. Әлиханның тарих саласындағы жазып
қалдырған елеулі мұралары – “Исторические судьбы Киргизского края и
культурные его успехи”, “Киргизы” атты монография 1903 ж “Россия. Польное
географическое описание нашего отчества” атты көп томдық альманахтың
“Киргизский край” деген ХVII томына еніп, Санкт-Петербургтен жарық көрді.
Шығармада қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы,
мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси -әлеуметтік жетістіктері кең
көрініс тапқан. Автор, сондай –ақ Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір –
тарихын сипаттайды, патша үкіментің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын
да батыл суреттеген. Екінші “Киргизы” (“Қазақтар”) атты еңбегі алғаш рет
“Фермы национального движения в современных государствах” атты жинақпен
1910 Санкт-Петербордан басылып шығады. Әлихан бұл – еңбегінде қазақ
даласындағы саяси — әлеуметтік жағдайы тартымды етіп сипаттай алған.
Қазақ халқының отаршылдық, переселендік саясатқа деген көзқарасын, кең
далаға көлдей ағылған келімсектермен арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт-
азаттық күресінің бағытын, мақсат – мүддесін ашып көрсете алған. Шығармада,
сондай –ақ, халқымыздың көкейтесті мәселелері – тіл, сөз бостандығы, дін
мәселесі де қозғалады. Әлихан қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи
кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттесе керек. Әсіресе, кіші
жүздің, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қол астына
енуінің себеп-салдарына көп көңіл бөлгені аңғарылады.
20 ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі — Әлихан
Бөйкейханның назарынан Кенесары – Наурызбай көтерілісі де тыс қалмаған. Хан
Кене қозғалысына Әлихан алғаш рет жоғарыда аталған “Исторические судьбы
киргизского края” атты еңбегінде қысқаша ғана тоқталып өтеді. Қуатты Ресей
империясының отыршылдық саясатына қарсы ашық қарулы көтерілістің әлі де
болса заманы тумағындағын ол жақсы түсінді Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің
төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп
халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер – білімін көтеру, ұлттық сана-
сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған.
Оның 1916 жылғы қарулы көтеріліске түбегейлі қарсы шығуының негізгі
себептері де міне осында жатыр.
Әлихан этнография саласына қатынасты жазған “Аңқау елге – арамза молла”
немесе “О киргизских поминках” атты екі тілде қатар жарияланған мақаласы
назар аударарлық. “Би һәле билік” атты мақаласында қазақтың заң мен билік
мәселелерді қарастырылады. Кезінде Әлихан орыстың жағрафия қоғамының ғылыми
мәжіліс – жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс – салты, өнері жайында
баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сондай – ақ, ол орыстың Г.Н.
Потанин сынды ғыалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал
–саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол
ұшын берген [7].
Әлихан Бөйкейхан – тұңғыш абайтанушы. Абай Құнанбайұлы шығалығын
тынысы лебі түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық
әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған
мұрасын жинап халқына тезірек танытуға, таратуға асықты. Абайдың есімі мен
шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан болатын
1906жылдың 9 қаңтарында жазықсыздан – жазықсыз тұтқынды Павлодар түрмесіне
жапқан кезде, Әлиханның портфелінен Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қара
сөздерінің қолжазбасы табылған. Абақтыға жабылғаннан кейін, келесі күні
жазған арызында ол өлең қолжазбаларының құны 5000сом болатындығын және
оны сақтауға шаралар жасауын өтінген.
Абайдаң поэзиясын как это покажут его стихи, предстовлял надюжинную
силу и составляет гордость казахского народа. Еще не было казахского
поэта, так возвысившего духовное творчество народа, как Абай. Чудные его
стихи, посвещенные четырем временом года, сделали бы честь знаменитым
поэтом Европы, — деп алғаш рет жоғары бағалаған Әлихан еді. Абайдаң дүние
салуына 1жыл толуы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылық жолын суреттеп
жазған Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы атты мүнәһиб – мақаласы арада 90 жылдай
уақыт өтсе де өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл мақала 1905-1907
жылдар аралығында үш басылымнан кезек – кезек жарық көрген. Әлихан Бөкей
хан, сонымен қатар, Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат
салысады. Жоғарыда аталған мүнәһиб – мақаласының соңында айтылғандай, ол
Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялы, жинақтың
1909 жылы Ресей астанасы — Санкт- Петербордан басылып шығуына қол ұшын
берген.
2. Әлихан Бкейхановтың саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі
Әлихан Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани
негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті
жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына
халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын, жыраулардың
терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907жылы тұңғыш
рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал
жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне
мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы Көрпеш –
Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және
насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиы.
Болашақ қайраткердің өмір жолының қалыптасуына орталық езгіге қарсы
Кенесары бастаған жалпыұлттық көтеріліс (1837-1847) туралы ел арасындағы
әңгіме, аңыздардың айтарлықтай ерекше әсері болғандығын аңғару қиын емес.
Екіншіден, ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен
дәстүрінің ықпалынсыз Ә.Бөкейхан сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы,
әрине мүмкін емес-ті. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз
революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны
ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде
жүріп жазған мақаласында ол: Бостандық, теңдік, туысқандық 18-ғасырдан
бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси
ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев
Николаевич Толстой философиясынан табылады. Көзі ашық талапты ер іздесе.
Бұл үш ұранна бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан
шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады — деп жазды.
ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түкпірді
табу қиын болар еді. Ә.Бөкейхан сол өткен ғасырдың 80-жылдары империяның
шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училищеде
оқыды. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі,
әрине, Санкт-Петербургте орман техникалық институтында оқып жүрген
жылдарына тұс келеді.Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғ.
Босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы
туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды. Өз ойын да шыңдай түсті.
Ә.Бөкейханның бұл жылдардағы рухани ізденістерінен хабардар автор: … В
бытность студентом лесного института примыкал к крайней левой. Во время
разгара споров о марксизме очень энергично отстаивал тезисы экономического
материализма — деп жазған болатын.
Ә.Бөкейхан институтты бітірген бетте ішкі Ресейден қоныс аударушылар
жағдайын зерттеу үшін ұйымдастырылған Полвцев экспедициясына қатынасу үшін
1895 жылдың жазында Омбыға келіп, экспедиция жұмысына рұқсат берілмеген соң
сонда қалып қояды. Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика
пәнінен оқытушы болып орналасқан ол, тура осы мезгілде социалистік
бағыттағы Степной Край газетінің қызметіне белсенді түрде араласа
бастайды Степной Край газетін бұл кезде шығарушы қызметкерлер негізінен
түрлі бағыт ұстанған социалистер болды. Ол басқа Сібір газеттерінен де
сонысымен айырмаланды. Ә.Бөкейхан Севастьянов, Соколов сияқты
халықшылдармен, Беляков сияқты марксистпен бірге газеттің редакция алқасы
құрамына енді. Оның осы кезеңдегі көзқарасынан жақсы хабардар ескі досы,
проф. С.П.Швецов былай деп жазды: Никакой радикальной интеллигенций, как
представителя особого направления, в составе Степного Края, как думает
Т.Виноградов, не было. А.Н.Букейхан, которого он относит именно сюда,
представлял собою марксистское направление в газете и был, несомненно,
наиболее ярким его выразителем. Я бы сказал даже единственно ярким. Не
случайно было то обстоятельство, что Якубович-Мельшин и Гоц-Рафаилов, желая
вплотную примкнуть к Степному краю, нашли нужным предварительно вступить
в переговоры и соглашения не с кем другим, а именно с ним. Со своими
единомышленниками-народниками им не нужно было никаких предварительных
переговоров, так-как и без переговоров все было ясно. Иное дело
–представители другого,чуждого им течения социалистической мысли-марксизма:
здесь нужна была ясность и полная договоренность в отношениях.
1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай
облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының
пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған
Ф.А.Щербина бастаған экспедийия ұйымдастырылды. Ә.Бөкейхан экспедиция
жұмысына қатысуға мүдделілік танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша
бұл жұмыс сол тарихи кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған –
жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай
жасауға тиіс еді. Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды: 1.Көшпелі
шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарына көз жеткізу;
2. Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу;
3. Сол жеке шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың көлемін есептеп шығару;
4. Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін яки жер нормасын анықтау; 5.
Этникалық жағынан жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу
[8].
Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина
экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда он екі
уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған ғылыми зерттеу
еңбегін бастырып шығарды. Экспедиция жұмысына қатынасу барысында Ә.Бөкейхан
қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі
байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі
шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады.
ХХ ғасырдың басы, анығырақ айтқанда, 1905-1910 жылдары Ресейдің
переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау саясатында
жаңа кезең болды. Оған мынадай фактілер арқылы көз жеткізу қиын емес. Егер
1864-1885 жылдар аралығында Оралдың шығыс жақ бетіне қоныс аударушылардың
саны 300 000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары – 2,5 миллионға өсті.
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығының орта тұсында империя көлемінде
қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы Петербургте Қоныс
аудару және Жерге Орналастыру бас басқармасы құрылды. Келесі бір-екі жылдың
ішінде бұл басқарманың мекемелері губерния, облыс және уезд деңгейінде
барлық қазақ жерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан үлкен және нақты қолдау
алған бұл мекемелердің құқықтық статусы да жоғары болды және олардың
негізгі міндеті артық жерлерді анықтап, ол жерлерге ішкі Ресейден орыс
шаруаларының көшіп келіп орналасуына жағдай жасау еді. Белгілі бір жүйеге
түскен, ұлы державалық бірге отарлау саясатының басында патшаның өзі,
Мемлекеттік Дума және өкімет орындары тұрды7 Сондай-ақ, бұл іс жақсы
қаржыландырылды.
Міне, осындай жағдайда патша өкіметінің отарлау саясатымен күрес
жүргізуге жеңіл-желпі іс емес-тін. Жалпы саяси деңгей төмен, оқыған
азаматтары саусақпен санарлық қазақ қоғамы үшін бұл ауырдың ауыры еді.
Студенттік жылдары және омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде марксистік
бағытта тұрған Ә.Бөкейханның саяси платформасының біртіндеп өзгеріске
ұшырау себептерін, мейлінше, осы жағдайдан іздеу орынды болатын сияқты.
Басқаша айтқанда, қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек
түрініп кіріскен патшалық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін, әуелі бүкіл
қазақ жұртының басын біріктіруді көздеген әрекеттер жасап, сонымен бірге
орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы оппозицияда тұрған саяси
күштердің қолдауына сүйену керек еді. Ал мұндай сипаттағы іске, біріншіден,
жалпыұлттық мүддені түсінуге көтеріле алмаған қазақ жұртын таптық негізде
бөлшектейтін, екіншіден, Ресей жағдайында ашық, ресми саяси күшке
айналмаған марксистік партия бағытын ұстану тиімсіз болды [9].
Қалай болғанда да Ә.Бөкейханның көзқарасының Щербина экспедициясына
қатысқанын кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен,
Бөкейхан сияқты қазақ оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға
көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау
аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан
қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа
саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет
шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық
саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында
болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сан жағынан аз, әлеуметтік
саяси күресте жинаған тәжірибесі марымсыз ұлттық интелегеция үшін бұл жеңіл-
желпі емес істерді көтеріп алып кету ойңаға түспегендігі анық. Осы тарихы
кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді.
Олар: белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық
конституциялық демократиялық партияның жергілікті филиалын құру жолында
жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының саяси өмірінде жаңалық
есебінде болған бұл … жалғасы