Ғарыштан келген әуен: Qonyratbay Fam

0

Топ мүшелерінің айтуынша олардың негізгі жанры — инди-фолк, инди-рок. Тарихи экскурс жасайтын болсақ, инди-музыка ұғымы әуелден коммерциялық поп-музыкадан тәуелсіз тұратын туындыларды меңзейтін. Яғни, бұл жанр өкілдері продюсерлермен жұмыс жасамайтын, белгілі бір лейблдермен келісімшартқа отырмайтын болған.
Қазақстанда бұл жанр енді дамып келе жатқандықтан, оған қандай да сипаттама беру әлі ерте. Бірақ қазақ музыкасына алғаш болып индиге тән ерекшелік мен атмосфера сыйлаған кімдер еді десек, Ғалымжан Молданазар мен Qonyratbay Fam деп сеніммен айтуға болатын шығар.