Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері

0
Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.

Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).

Есін тексеру
— Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
— Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз:

Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру

Жедел жәрдем шақыру
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:

— ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
— тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
— үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
— пульстің болмауы;
— көп қан кетуі;
— іштің қатты ауыруы;
— қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
— улану;
— сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
— бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.