Айжан Байзақова баласының әкесі кім екенін ашып айтты

0
Жақында ғана ана атанған Айжан Байзақова баласының әкесі кім екенін ашып айтты. Атышулы ару отбасы мен сүйгені жайлы КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтып берді деп жазады nur.kz.

Айжан Байзақова өзінен желідегілердің үнемі баласының әкесі жайлы сұрайтынын айтты.

«Мен оны көрсетпеймін. Бірақ ол «Баламның әкесінің кім екенін білмеймін» деген сөз емес. Біздің қарым-қатынасымыз керемет. Егер екеуміздің арамызда махаббат болмаса, мен баланы қалдырмас едім. Мен оны сүйген адамымнан көтердім», — деді Байзақова.


Сондай-ақ атышулы ару өзінің бұл жолға түсуіне кім себепкер болғанын да жасырмады.

«Менің ең алғашқы махаббатым сәтсіз болды. Мен тұрмысқа шықпақ болдым. Ол адам маған ұсыныс жасап, ата-анамызды таныстырдық. Алайда ол маған барлық нәрсені істеуге тыйым салды. Ол кезде жігітім маған «Әйел адам үйде отыруы керек» деді. Мен оған сендім. Алайда оның бәрі өтті. Қазіргі уақытта нені қаласам, соны істеймін.


Алғашында менің образым ол адамнан кек алу болған еді. Ол жігіт маған тыйым салғанымен, боянған, сымбатты аруларға көз салатын», — деді Байзақова.

Астарлы ақиқат — Айжан Байзақова