Әйел бақыты
«Әйел бақытыңыз» жақсы өсіп, әдемі болып гүлдесін десеңіз, мына ережелерді жадыңызда ұстаңыз:
1. Гүлді тура күн көзіне қаратып қоюшы болмаңыз, оның ең жақсы көретін жері – көлеңке немесе жасанды жарықтандыратын орындар;
2. Бірқалыпты суғарып, су бүркіп тұрыңыз, өйткені, гүл дымқыл ауаны жақсы көреді.
3. Құмыраның түпқоймасына 1-2 сағаттан артық су құйып қоймаңыз.
4. Гүліңіздің өсу қарқыны жақсы болса, әр көктем сайын, оны үлкен құмыраға ауыстырып тұру қажет. Гүл бостандықта, тамыры кең жайылғанда ғана жақсы өседі.
5. «Әйел бақыты» өсіп тұрған бөлменің температурасы 18-23 ˚С болуын қадағалаңыз, ол осындай температурада жақсы, сапалы өседі, гүлдері де әдемілене түседі.
6. Егер гүл қаулап өсіп, жылына бір рет гүлдеп тұратын болса, сіз оған жақсы қарап жүрсіз және отбасыңызда бәрі жақсы деген сөзді білдіреді. Мұндай гүлді бөлісу керек. Оның бір бұтағын құрбыңызға немесе жақын танысыңызға беріп, жақсылық жасаңыз. Біреуге «Әйел бақытын» сыйлау арқылы өз бақытыңызды кеңейтесіз.
7. Егер гүлдің жапырақтары құрғап, қурап, қарая бастаса, күтіміңізді арттырыңыз немесе отбасыңыздағы жағдайды жақсартуға күш салыңыз
loading…