Хабиб Нурмагомедов қазақстандық реалити-шоуды жүргізетін болды — новости Казахстана

0

Хабиб Нурмагомедов «The Nomads» экстремалды реалити-шоудың жүргізушісі болады. Түсірілім Ақмола облысында өтеді деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ok.ru

Фото:ok.ru

Бұл ақпаратпен Сандықтау ауданының басшысы Асылбек Ысмағамбетов бөлісті.

Оның айтуынша, жобаның екінші маусымының түсірілімі Сандықтауда өтеді. Көпшілік көріністерге түсем деушілер жетіп артылады екен, сондықтан ұйымдастырушылар жуырда кастинг өткізбекші.

Ал жүргізуші ресейлік күрескер Хабиб Нурмагомедов болады.

Ысмағамбетовтың сөзінше, тележобаның ауқымды аудиториясы болатыны үлкен артықшылық. Шоуды әлемнің 118 елі көре алады, ал жобаға медиа саласында қызмет ететін тұлғалар, спортшылар және кәсіпкерлер қатысады.

Тележобаның сценарийі бойынша, командалар шоу барысында өздерінің білімдерін, қазақ дәстүрлерін қаншалықты білетіндерін және физикалық дайындықтарын көрсетеді.

Шоу келесі айда басталады.

Дереккөз: kaz.nur.kz