90-жылдардың үздік сериалдары

0
221

90-жылдардың үздік сериалдары

Бүгінде таңдауыңыз бен талғамыңызға байланысты мыңдаған сериалды табуға болады. Ал, осыдан 20-30 жыл бұрын сериалдарды еркін көру мүмкіндігі аз болатын. Соған қарамастан халықтың жадында сақталып қалып, әлі күнге дейін өзінің көрермендерін жоғалтпаған сериалдар да бар.

Твин Пикс

Image result for Твин пикс гиф
Оқиға ойдан шығарылған америкалық қалада орын алады. Лора Палмер есімді мектеп оқушысының жұмбақ өлімінен соң, қылмысты ашу мақсатында Твин Пикске ФБР агенті Дэйл Купер келеді.


Беверли-Хиллз 90210

Image result for беверли хиллз гиф
90-жылдардағы америкалық жасөспірімдердің өмірін баяндайтын сериал Уолшей жанұясының хикаясын баяндайды. Олар Миннесотадан ыстық әрі байлардың тұрағына айналған Беверли-Хиллзге көшіп келеді. Сериал авторлары тек басты кейіпкерлердің өмірін көрсетіп қана қоймай, әрбір жасөспірім ертелі-кеш кездесетін мәселелерге тоқталады.


Жабайы періште (Дикий ангел)

Related image
Милагрос – католик шіркеуінде тәрбиеленген жетім қыз. Есейген шағында Федерик Ди Карло отбасына қызметші ретінде жұмысқа орналасады. Мили Иво есімді өз басшысының ұлына ғашық болады. Олар махаббаттары үшін талай сынақпен күреседі.


Достар (Друзья)

Image result for друзья гиф
1994 жылы жарыққа шыққан сериал көрермендердің жүрегін бірден жаулап алды. Мамандар мен сыншылар “Достар” сериалын америка теле-өндірісі тарихындағы ең үздік комедия деп атады. “Эмми”  премиясын 6 рет алып қана қоймай, одан бөлек, “Алтын глобус”-қа да үмітті болды. Оқиға
Рейчел Грин, Моника Геллер, Фиби Буффе, Джоуи Триббиани, Чендлер Бинг и Росс Геллер есімді достар туралы. Әрқайсысының өзіне тән мінез-құлқы бар. Әрбір күн әр кейіпкер тап болатын қызықты оқиға желісіне негізделген.

Элен мен оның достары (Элен и ребята)

56
Николя, Этьен және Кристиан қоғамтану факультетіне оқуға түскенімен, атақты музыкант болуды армандайды. Сондықтан бос уақыттарын ескі көлікжайда өткізеді. “Альфредо”  атты жергілікті кафеде Кати, Элен, Джоанна есімді бойжеткендермен танысады. Кейін араларында махаббат оты тұтанады. Сериал желісі есею мәселелерімен кездескен жастар өмірін сипаттайды.