9 сынып Еңбек және адамның пайда болуы. Анропогинездің алғышарттары

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




9 сынып Еңбек және адамның пайда болуы. Анропогинездің алғышарттары

Автор: Балабекова Клара Тилабековна

Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-28


Материал туралы қысқаша түсінік

Еңбек және адамның пайда болуы. Анропогинездің алғышарттары мұғалімдерге керек сабақ жоспарын құрғанда XV ғасырда Қазақ хандығы орнап, Керей мен Жәнібек хандар халықты басқарған. Бірде Тәуке ханның ақылшы, кеңесшісі Жиренше шешен ауырып, төсек тартып, жатып қалады. Жақын жердегі емші, бақсыларды шақырып, қаратады, бірақ ем қонбайды. Соңында атақты Өтебойдақ деген емшінің барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, тұрып кетеді. Жәнібек хан емшіге риза болып, алғыс айтады және бірнеше сұрақ қояды. Соның бірінде:
— қандай ауруды емдеу қиын?
— ол аурудың алдын алуға бола ма? деп сұрайды.
Қалай ойлайсыңдар, сіздердің пікірлеріңіз қандай?




Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия Биология пән мұғалімі Балабекова Клара ТилабековнаСынып: 9А,Ә 06.04.18ж

Сабақтың тақырыбы: Еңбек және адамның пайда болуы. Анропогинездің алғышарттары
Сабақтың мақсаты: Ғылым ретіндегі антропогенездің, оның бағыттары, пайда болу кезеңдерін, адамдардың тіршілік орталары, тіршілік ортасына бейімделуі туралы білімді жүйелеу
Нәтижесі: Еңбек және адамның пайда болуы жолдарын атай алады;Антропогенездің алғы шарттарын біледі
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап , талқылау, түртіп алу ,тест, танымдық сұрақтар
Көрнекіліктері: Слаид , оқулық, бейне фильм
Сабақтың барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекет
І. Ұйымдастыру Амандасу
ІІ Үй жұмысын тексеру 1.Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін ата2.Рудиментті мүшелер деген не?3.Атавизм деген не?4.Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады? Ауызша жауап беру
ІІІ. Жаңа сабақ 245-248 беттегі мәтінді көз жүгіртіп оқып шығады Әр оқушы берілген тапсырманы орындайды
ІV. Мағынаны тану Слаид арқылы түсіндіру , бейнефильм арқылы талқылау Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады.
V. Танымдық сұрақтар 1.XV ғасырда Қазақ хандығы орнап, Керей мен Жәнібек хандар халықты басқарған. Бірде Тәуке ханның ақылшы, кеңесшісі Жиренше шешен ауырып, төсек тартып, жатып қалады. Жақын жердегі емші, бақсыларды шақырып, қаратады, бірақ ем қонбайды. Соңында атақты Өтебойдақ деген емшінің барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, тұрып кетеді. Жәнібек хан емшіге риза болып, алғыс айтады және бірнеше сұрақ қояды. Соның бірінде: — қандай ауруды емдеу қиын? — ол аурудың алдын алуға бола ма? деп сұрайды.Қалай ойлайсыңдар, сіздердің пікірлеріңіз қандай? 2.«Біздің еліміздің халқын біріктіретін және болашақ іргетасын құратын басты құндылық – адам. Ол – дені сау, терең білімді, Қазақстан мемлекетіне аянбай еңбек етіп,үлес қосатын тұлға » — деген мемлекет басшысының сөзі қай жылғы жолдауда айтылған, жолдау қалай аталады?
VІ. Бекіту Тест.Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е) Вавилов.2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е)К.Бэр.3. Алғаш омыртқалылардың ізі қай дәуірде табылды?А) протерозой. В)Мезозой. С)Кайназой. Д)Полеозой. Е)Девон.4. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу. С)Тұқымқуалаушылық. Д)Тіршілік үшін күрес. Е)Коньюгация.5 Жануарларда қай органдар аналогиялық болады?А)Жарқанатың қанаты мен араның қанаты. В)Құстың қанаты мен көбелектің қанаты. С)Тараққан мен құрбақаның аяқтары мен қолдары.Д)Тигр мен Кроттың табандары. Е)Бақаның ауызы мен көбелектің ауыз қуысы.6. Алғаш маймылдар қашан пайда болды?А)Бор. В)Антропоген. С)Палеоген. Д)Неоген. Е)Силур.7.Адамның жануарлардан пайда болу іліміне қай ғалым өз еңбегін сіңірді?А)Ч.Дарвин. В)Ф.Энгельс. С)К.Линней. Д)Ж.Б.Ламарк. Е)Вавилов.8.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс.А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция. Е)Идиоадаптация.9.Жеке организмдердің даму кезеңі.А)Эмбрионогенез. В)Филогенез. С)Онтогенез. Д)Биогенез. Е)Социогенез10. Қай адам “саналы адам” деп аталады?А)Неадерталец. В)Питекантроп. С)Синантроп. Д)Кроманьон. Е) Homo sapiens11.Қай дәуірде сүтқоретілер кеңінен таралған?А)Протерозой. В)Архей. С)Полеозай. Д)Кайназой. Е)Мезозой.12.Дене мүшелерінің құрылымдары мен атқаратын қызметін және пайда болуының ұқсастығы қалай аталады?А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.13.Шығу тегі және құрылысы ұқсас емес, бірақ атқратын қызметі бір мүшелерді не деп атайды?А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.14.Жануралардығ мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда ұқсас емес?А)Инеліктің қанаты. В)Жарқанаттың қанаты. С)Құстардың қанаты. Д)Қолдары. Е)Кесірткенің алдыңғы аяғы.15. Адамның жануарлардан пайда болуына қандай дәлел болады?А)Ми көлемінің үлкендігі. В)Рудимент және атавизмдердің болуы.С)Сөйлеу. Д)Абстракты ойлау. Е)Идиоадаптация.

Тест жауаптары:1С 2Д 3Е 4В 5В 6 Д 7 А 8C 9C 10 Е 11Д 12В 13А 14А 15В

VІІ. Бағалау Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма Параграф 55 Адамның шығу тегі бойынша «Эссе» жазу.
ІХ Рефлексия

Қосымша материал Жаңа сабақ кезеңіАдамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.           ..Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.I Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. К. Маркс пен     Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек   ынтымақтастық  дәрежесіне  дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам  сонымен  бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.