Айдар Тұрғанбектің әнін тыңдаған жігіт намазға жығылмақшы

0

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің тыңдарманы оның жаңа әнін естіген соң, намазға жығылуға шешім қабылдаған. Ер адамға отандық жұлдыздың жаңа туындысы қатты әсер еткен деп жазады NUR.KZ.

Жас жігіттің әнді тыңдағаннан соң, намазға жығылмақшы екенін Айдар Тұрғанбектің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

«Кеше жолда келе жатыр едім, артымнан бір көлік қуып келіп, тоқташы тоқташы деп қолын көтереді. Тыныштық пе екен, не істеп қойдым деп ойлып тұрдым. Сөйтіп көлігімді оң жаққа алып тоқтадым, ол да тоқтады.

https://www.instagram.com/p/Br44pWWHTIh/?utm_source=ig_embed

Сосын қасыма келіп, өзін таныстырып, ары қарай жалғастырды. «Менің өмірімде қиыншылықтар болып жатыр еді, сіздің «Аман жүр Анашым» деген бейне-баяныңызды көріп тәубеме келдім. Енді намаз оқиын деп жүрмін» деді ол. Мен болсам, қатты қуандым Аллаға шүкір, осы емес пе мақсатымыз» , — деді әнші.