150 қасқырды қолға үйреткен кәсіпкер
Бұрын адамдар жабайы жануарлардан бойын алыс ұстап, қорқатын болса, қазір кіл мықтыларды қолға үйретіп, күнделікті ит пен мысық секілді қарауға көшкен секілді. Оған қытайлық Янг есімді 71 жастағы кәсіпкердің ерекше хоббиі себеп болып отыр.
1998 жылдан бастап қасқырды қолға үйретуді әдетке айналдырған мырза бүгінде 150 бөрінің иесі атанып отыр.
Жануарларын қоректендіруге жылына 145 000 АҚШ долларын жұмсайтын кәсіпкердің бұл әрекеті отбасының өзге жандарына аса қызық емес екен. Керісінше, қайтарымсыз кеткен қаржыға іштей қынжылып, аталған кәсіпті доғаруын да сұрап жүрген секілді. Алайда, уақытының бір бөлігін алатын жануарларымен жылдам қоштасу кәсіпкердің ойына да кіріп шықпаған екен.
Бір қызығы, осыншама уақыт жабайы жануарларды қарамағына алған Янгке тек бір бөрі ғана атылып, қолын жаралаған екен. Қазіргі таңда әбден қожайындарына бауыр басқан бөрілер, керісінше, өзге қауіптің алдын алып, иелеріне адал қызмет етіп келеді.
Дереккөз: https://massaget.kz/