«Әлемнің әміршісі – еңбек»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Әлемнің әміршісі – еңбек»

Автор: Жумагулова Гульжан Ишанқызы

Бағыты: Басқа Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

енбе етсен ерінбей , тояды карнын тіленбей демекші еңбек жайлы түсіндіру




Күні:12.01.2018жСынып: 5 «В»Сабақтың тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек.Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.  2. Дамытушылық: Оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақ көрнекілігі:  тақта, компьютер, слайдтар, суреттер.Сабақ түрі: аралас Сабақ барысы: І.  Ұйымдастыру.Кіріспе сөз:Мұғалім:    -Нағыз еңбек неден басталады?   -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек.  Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.Сүйікті іс   күш,жігер береді.Жарқын болашақ                                                              Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді.Ауыр шынықтырады жеңіл Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.  Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»      Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме? Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.Қандай айырмасы бар?  Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?          Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған  мысал келтіріп айтуға болады.Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті.  Адам табиғаттан үйреніп  кейбір заттарды ойлап тапқан.   1-оқушы:  Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.   2-оқушы:  Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.   3-оқушы:  Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.   4-оқушы:  Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.   5-оқушы:  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.      Сонымен  тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.    Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.    Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.          ІІ.  Негізгі бөлім  Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға  ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты  бағдарламасын ұсынды. Біздің  әлеуметтік саясат  бәсекеге қабілетті және күшті  ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН   құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті. Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық. 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі. Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады. «Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.2.   Кім болам? -Жұмбақ шешу;-әдеби монтаж.-мамандық таңдау. Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте  өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын  мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры  бар. Ала таяқ  ұстаған,Жол тәртібін  нұсқаған.Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам./милиционер/Бал тамған мәзір,Ол бар жерде әзір./аспазшы/ Оқу-білім бағдары,Заманының  бағбаны./мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды,Қайшысы бар жалақтайтын/шаштараз/ Келіп баған қасына,Өрмеледі басына./монтер/Еңбек орны-танабы,Сүйікті ән- дала әні.Егін салып, мәпелеп,Асырайды қаланы./дихан/ Өңкей сығай  екі топта Таласып жүр бір допқа.Бұл кім ?/футболшы/Күміс қанат сұңқары,Көкке еркін  сүңгиді.Бұлттан да тым әріКеткен жанды кім дейді?/ұшқыш/                  Мен таңдайтын мамандық.        /Әдеби монтаж/Рауан:   Ай-һой, ғажап қандай бұл,                     Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.                     Аламын қандай мамандық,                     Алдымда толған таңдау тұр.                     Әлемге ән боп жалғанар,                     Әйгілі небір тарландар.                     Әуелей ұшқан аққудың                     Әсерлі үнін салған дәл                     Әміре менен Күләштай                     Әнші болсам не арман бар?!           Сұлтан:  Кәсіпкер болсам егер де,                     Бар әлемді кезем де.                     Бар пайданы ойламай,                     Барымды берем мен елге.                     Велосипед мініп одан да,                     Велошабандоз болам ба?                     Геолог болып тегі мен,                     Гүл жайнаған өңірден                     Гуілдеп күн-түн тынбайтын,                     Газдың ашам кенін мен.                     Ғалымның жолы ғажайып,                     Ғибрат сабақ алайық.Исламбек:         Еріншектен – салақтық,                          Салақтықтан – надандық…                           Бірінен-бірі туады,                          Жоғалар сөйтіп адамдық.                          Жүрейін десең, тұрғызар,                          Төсекке мойын бұрғызар.                          «Өзгелер де жүр ғой» деп                          Біреуді мысал қылғызар.Нариман :        Іс қалдырмас еселі –                                           Білімнің ең кеселі.                                          Кірсе бойдан шығу жоқ,                                          Күн сайын өсер бес елі.                                          Төбеңді сөйтіп теседі,                                          Орныққан сайын өседі.                                          Ғибадат жоқ, өнер жоқ,                                          Бәрінің жолын кеседі.                Рауан:          Еріншек таза жүре алмас,                                          Кір-қоңын да жуа алмас.                                          Харекет жоқ, ғылым жоқ,                                          Өз бойынан ұялмас.                                          Даулассаң, желдей еседі,                                          Өзі айтып, өзі шешеді.                                          Үйір болған кісілер                                          Жан тыныштық деседі.                  Султан:         Жан тыныштық бұл емес,                                          Жан дененің құлы емес.                                          Өзің байлап бересің,                                          Жан жұмысы ол емес.                                          Еріншек, ашу, құмарлық,                                          Бұларды істен шығардық.                                          Жамандықтың басы – осы,                                          Кісі болса ұғарлық. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның       Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.     Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Слайд- 3 Бүгін келген қонақтарға сұрақтар береміз. Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2.    Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?3.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?4.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?5.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?   8   .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?   . Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.–          Ең жасыл мамандық–          Ең тәтті мамандық–          Нағыз ақшалы мамандық–          Нағыз бала мамандығы–          Ең күлкілі мамандық–          Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық–          Ең ауыр мамандық «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Айтыңдаршы, осы  біздің мектепте қандай мамандық иелері бар? Көк жүзіне алаулы,   Міндет емес ай болу.  Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу.  Пайдалы кеңестер. /сергіту  сәті/Дәптермен жұмыс Ұлағатты сөздер Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.                                ( Гораций)    Талап, еңбек, терең ой    Қанағат, рақым, ойлап қой –    Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)     Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,    Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық  Аздырар адам баласын                       (Абай)     Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.    Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.            (М.Әуезов) Елге сіңірген  еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев)                                          Еңбектегі әр минут- бір несібе. (Ғафұр Ғұлам) Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне  жеткенін көргенім жоқ. (Бауыржан Момышұлы) Қандай мұратың болса да  өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. (Ғабдолла Садықұлы) ІІІ. Қорытынды бөлім                       -Нағыз еңбек неден басталады?    «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем  екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.    Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық  байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда  тек өзінің маңдай терімен  отбасын асырап отырған  ер адамдар бар. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық  жағынан  құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды  да  шығаратын -Еңбек Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.Бала нені білсе жастан, ұядан.Өле  өлгенше соны таныр қиядан.Жас кезінде  білім берсең,қалай да-Өсе келе қолы жетер талайға.Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?Олай болса уысыңнан шығарма. (Жүсіп Баласағұн)

 Келешекте  сендер өз алдарыңа маман иесі болып, отбасын құрасыңдар.Барлығың жақсы  өмір сүргілерің келеді. Сол кезде  мына қағидаларды естеріңнен шығармаңдар!Бірақ-та жер мен көк жаратылғалы бері  бай мен кедей бірге жасап келеді.-Кедейленудің 10 қағидасы1. Өзін-өзі мүсіркеу. Қашан көрсең де  көп жұмыс істейтінін, көп тер төксе де жолы болмайтынын айтып ,шағымданып отырады.Өзін әлемдегі ең байғұс жан етіп көрсетеді де, басқалардың барлығы оған аяушылықпен қарау керектігін ұқтырады. Тіпті кейбіреулері еркек немесе  әйел болып туылғанына ренжіп отырады. Бұл да жоқшылыққа апаратын жаман әдет.Аллаһқа қарсы келіп отырған  адамның қолында байлық пен немесе қаржы қалай тұрақтасын?2. Бір сәттік қана пайда.Бірден және тым пайда табуды ойлау- көптеген кедей адамдардың   ойы.Бір сәттік қана нәрсені ойлап,ертеңге көз тікпейтіндер  қолдағы барынан айырылады.3. Көңілі сүймейтін іспен айналысу. Көңілі қаламаған жұмыспен айналысқан адамда ешқашан табыс болмайды.Жұмысты таңдар кезде  жалақысына қызықпас бұрын өз көңіліңнен шығатын болу керек.Өйткені бар ықыласын аудара жұмыс істемеген үшін ол істен ештеңе өнбейді,кейін қарай кетеді.4. Ысырапкершілік. Өз тапқанынан артық жұмсау. Қит етсе біреуден ақша сұрау әдеттер тиянақсыздыққа апарды. «Көрпеңе қарай  көсіл» деген сөз бар.Табыс өскен сайын көрпе де кеңейе түсетінін ұмытпа.5. Сәттілікті ақшамен өлшеу.  «100 мың доллар ақшам болса бұл жерде отырмас едім» көп адамдар айтады. Бірақ бұл ақшаны 1 күнде ,1 сағатта  жұмсап жіберуге болады.Бақыт пен сәттілікті ақшамен есептеу дұрыс емес.6. Сараңдық. Тек қана жеңілдікпен жаппай сатылып жататын заттарды сабылып іздейтін адамдар. Адалдықпен тапқан ақшаға  неге сапасы жоғары зат алмасқа?. Бағасы төмен  затта ешқашан сапа болмайды.Сапалы затты танитын адам қанша қымбат тұрса да іздеп табады..Өз-өзіне ақша қимау кедейлікке  бастайды.7. Жылаңқылық. Әрдайым шағынып жылай беру.Шариғат тұрғысында айтқанда,барға місе тұтпай шүкіршілік  етпеу де кедейлікке бастайды.8. Салыстыру. Әрқашан өзін өзгемен салыстырып отыру.Мұның астарында көреалмаушылық пен күндестік те жатыр.Іші тар адамның ортасы да  шағын болады.Ортасы  шағын адам алысқа ұзамайды, өз тұрғысында ғана өмір сүреді.9. Байлықты ақшаның құнымен өлшеу. Байлық тек қана ақшамен өлшенбейді. Оның денсаулық, отбасы,бала, туған-туыс сияқты өте көп тармағы бар.Осыны айыра білу керек.10. Отбасынан аулақтау. Жарсымды отбасының жарастығын сақтай алмауы – ең басты қателік. Отбасы  бақыты ең басты байлық екенін естен шығарған дам ешқашан байлыққа  қол жеткізе алмайды.-Баюдың 10 қағидасы1. Өзіңе сену, өзіңді саналы түрде сендіру.Қарапайым ғана қағида-кедейдің  байдан айырмашылығы  оның ақшаға қатысты  өз түсінігі мен ұғымында.Ендеше  ең алдымен « бізге байлық қайда, наным бар, киімім бүтін болса болды ғой» деген ойдан арылыңыз.Ақыл-есі дұрыс, денсаулығы, дұрыс ойлай білетін әрбір адамның молшылыққа жетуге  хақысы бар.2. Тілегіңді орында . Бай болу үшін  алдымен мақсат қоя отырып, бар жаныңмен соған жетуге күш салу керек. Демек осы жолда  денсаулығыңнан басқасын   құрбандыққа шалу керек.Бұл ақша үшін  ағайынмен  жүз шайысу деген сөз емес, табыс жолында қабілетіңді шыңдап, өз мүмкіндігіңді сарқа пайдалану.3. Мақсатты айқындау. Сізге қанша ақша керек, не үшін керек? Осыны анықтап алыңыз. Қиялыңыз бен шындық өмірдегі қажеттіліктерді шатастырмаңыз.4. Жобаны не жоспарды  жүзеге асыру.Мақстақа жету үшін жоспар құрасыз. Әуелі неден бастау керек? Айлығы тәуір басқа  жұмыс іздеп көресіз бе, әлде жеке бизнес бастағанды қалайсыз ба? Мүмкін басқа бір мамандықты игергіңіз келетін шығар.Іске кірісіңіз!Бірақ есіңізден болсын сіз таңдаған жұмыс ақшасы ғана жақсы емес, ең алдымен өзіңізге ұнайтын, ләззат сыйлайтын жұмыс болуы тиіс.5. Сізге арнайы білім керек. Сіз осы жасыңызда салық жүйесі туралы түк білмейтін , банктік салымдар саласынан хабары жоқ миллионер кездестіріп көрдіңіз бе? Әрине, жоқ.Капиталды сақтау үшін және оны көбейту үшін арнайы білім керек.Арнайы білім сіздің мақсатқа жету  жолындағы басты қаруыңыз болмақ.6. Табандылық керек. Біздің көпшілігіміздің қателігіміз бір нәрсені бастаймыз, алғашқы қиындықтар кездессе қолды бір сілтеп, бәрін орта жолда тастап кетеміз.Қиындық пен кедергілерге әзір болу керек. Мұның бәрі – табысқа жету жолындағы  баспалдақтар.Бизнестің заңы былай, бастайсың,құлайсың,тұрасың, жіберген қателіктеріңнен сабақ аласың, тәжірибе жинайсың,содан жолың ашылады.Тағы бір нәрсе қай жерден қате жібердім деп өзімізді- өзіміз оймен  мүжгілейміз.Бұл дұрыс емес7. Шығындарды есептеу. Байлықтың деңгейін қалай өлшеуге болады? Сіз қанша кіріс әкелесіз және сіздің жинағаныңыз қанша, соны есептеу арқылы емес , керісінше  ақшаңыз аз ба, көп пе,өзіңіздің қолыңыздағы барыңызға риза болу, содан ляззат алу.Кірісіңізді ғана есептеп қана қоймай ,шығындарыңызды да  бақылап отырыңыз.Бұл сараңдық емес.Осылай  өз қажетіңізге жұмсап , әдемі тон алып, шет елге қыдырасыз, осылардың бәрінен  рақат сезіне отырып, келешекте келетін ақшалар үшін шаршамай жұмыс істейсіз.8. Адалдық заңы. Бұл-баю жолындағы ең маңызды заң. Біздің ойымыз бен істеген істеріміз ерте ме, кеш пе өзімізге қайта оралып отырады.Біреуді жер соқтырып алдап кеттік пе, біді де біреу алдап кетеді.Ұрлап алдық па, бізідң де көзімізіді бақырайтып қойып үптеп кету ғажап емес.Осыын естен шығармай өзіңізге де адал болыңыз. Өзіңізге адал болсаңыз, басқаларға да жақсы болмақ.9. Бәрі өзіңізден. Егер сіз «бір қолайсыз жағдай болды-ау, мен орта жолда  тоңқалаң асам –ау»  деп үрейленсеңіз, өзі де солай болады.Өзіңізді дайындаңыз., сіз кездесетін қиындықтар мен қырсықтардан сақтандырылғансыз, сондықтан сіздің басыңызда  ондай жағдайлар болуы мүмкін емес.10. Қайырымдылар жасасын! Шындығында қандай да бір табысқа, жетістікке  жеткенде, біз тек қара күшімізбен емес, адамдардың арқасында жетеміз.Олардың бірі жылы сөз айтты, бірі қиын кезде көмектесті, біреуі тауарыңызды сатып алды. Жақсылыққа-жақсылық. Егер сіз табысыңыздың  оннан бір бөлігін жетім-жесірге, ғаріп пен мұқтаж  жандарға тартып отырсаңыз, одан ақшаңыз кеміп қалмайды, бұл сіздің үлкен адмшылығыңыз ғана емес, келесі табыстарды шақырғаныңыз болмақ.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты аялайық! Тәрбие сағатының мақсаты:Табиғат туралы түсінік беру, дүние тану пәнінен алған білімдерін жүйелеу. Табиғатты қоғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Әдісі: СТО Көрнекілігі: Интерактивті тақта, хаттар, қағаздан қиылған үйлер. Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Психологиялық дайындық «Мен қандаймын» Дамира-ақылдымын Қызығушылықты ояту Бейне таспадан табиғат көрнісін тамашалау. Ой қозғау – не көрдік? Табиғат нешеге бөлінеді? Табиғат Тірі Өлі Мағынаны тану Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық . Табиғат -байлықтың көзі. Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендеоде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады. Су, құс, өсімдіктер туралы слайдтан оқып беру. Сурет бойынша әңгімелеу. Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша әңгімелейді. 1. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді? 2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді? Суреттер арқылы топтастырады. Ойын «Почта» Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек. 1- хат. Адам өміріне не қажет? ( жарық, ауа, су, жылу) 2- хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? ( табиғаттан) 3- хат. Тірі табиғатты ата. ( адам, жануар, өсімдік) 4- хат. Өсімдік өсу үшін не керек? ( топырақ, су, ауа, жылу) Слайдтан тыйым сөздер оқыту Құстың ұясын бұзба. Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме. «көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды. «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды. Әдеби мантаж. Адамдар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарларға береді. Думан. Табиғат- ол анамыз, Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. Дамир. Жазда аралап тауын да, Барамыз біз бауына Өзеніне шомылып Жүгіреміз жауында. Жанель. Қыста мәз боп қаламыз Сырғанауға барамыз. Шытырлаған аязда Зымырайды шанамыз. Топшамалар арқылы тапсырмалар беру. 1-оқушы. Суретті боя . ненің суреті? 2-оқушы. Жыртқыш аңдардың атын жаз. 3-оқушы. Тірі табиғатқа жататындарды қорша. 4-оқушы. Семантикалық карта Көкөністер мен жемістер Бақта өседі Бақшада өседі Алма Картоп Сәбіз Жүзім Алмұрт Қарбыз Ел ішінде кең тараған халық болжамдары. «Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады» «Мысық жылы жерді паналаса- аяз болады» «Қыс аязды болса, жаз ыстық болады» «Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады» «Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады» «Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа бармайды» Ой толғаныс Сәйкестендіру. Қайсысы нені жақсы көреді? Қайсысы неге жатады? Қоян шөп Түлкі Құс Аю жаңғақ Қасқыр Сиыр сүйек Торғай Жануар Тиін бал Жусан Ит алма Тоқылдақ Өсімдік Кірпі сәбіз Ағаш Ой шақыру 1. Табиғат нешеге бөлінеді? 2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың? 3. Құстарға қалай қамқорлық жасайсың? 4. су туралы не білесің? Қорытынды. Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік. Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Табиғатты аялайықБИБЛИОТЕКАМАТЕРИАЛОВТақырыбы: «Табиғатты аялайық!» Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм, 1.Ұйымдастырукезеңі:Мұғалім өлең оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.Қандай жақсы қазақ болып туғаным,О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Кең дала көремісің сонау жатқан,Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,Әне сол анам еді мені тапқан.

Ойласаң табиғат пен адам егіз,Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі .

Табиғаттың бауырысың, досысыңАянбау да керек шығар дос үшін.Екеуіңнің араңдағы байланыс,Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау; 

Мақсатымыз: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! ХорменҚайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар… ІІ слайд 3) ІІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі. Думан: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған күні. Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? ІІІ слайд Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? Ділназ: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! Мұғалім: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. 

IV слайд Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? Азамат: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , Бөленіп күннің нұрлы шуағына. Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) V слайд Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? Жанна: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. • Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. • Қарға қарқылдаса -қар жауады. • Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. • Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. • Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. • Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. Мұғалім: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) VI слайд Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады. Сымбат:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. Мұғалім: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.Ойын: «Мейірімді жүрек» келген қонақтарға мейірімді сөздерді жүрекшеге жазып сыйлайды4. «Табиғатым» әні Ділназ бен Жанна5. Ойын «Кім көп біледі?»6. Ой-толғау . Шығармашылық жұмыс.а) « Егер табиғатқа тіл бітсе…» ә) «Егер мен суретші болсам…» б) «Егер мен ақын болсам…» 7. Мақал-мәтелдер сайысы.1 ) Нөсер алдында найзағай – ойнайды.2) Күркіреген бұлттың – жаңбыры аз.3) Боранды күні  ит пен бала құтырады.4) Алпыс күнде тасыған су,  Алты күнде қайтар.5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.6) Қыстың көзі  қырау.7) Сәуір болмай,  тәуір болмас.8) Жел дауылды шақырады,- Бұлт жауынды шақырады.9) Таумен тасты су бұзар,- Ел арасын қу бұзар.10 ) Ағаш тамырымен мықты,  Адам дос-жарымен мықты.8) Жұмбақтар шешу:Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)Таңмен көзін ашады,Әдемге нұр шашады. (Күн)Қыста ғана болады,Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,Гүрілдейді сайда өзен.Гүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Сырылдатады шәйнегн,Ұнатпаса да жұрт, мейлі.Тереземіздің әйнегінЖуады, Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)Қозғалып жүрер жортақ шам,Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)Ақ көбелек қонды,Құстар енді тонды.   (Қар)Киіз үйімнің төбесіТүбітке толы. О несі?    (Бұлттар)Шымылдық ішінде қап-қараҰйықтап жат, дала, жат, қала.  (Түн)Көктен түседі,Жер ішеді.      (Жаңбыр)Түндегі көп шырақты жағып кеткенКім кедіп иаң алдына алып кеткен?    (Жұлдыздар)9. Бейне фильм көру.10.Ән «Әдемі» барлығы орындайды.11. Табиғатқа тілек айту. (стикерге жазып, күн сәулесінің шуақтарына айтып жапсырады)12.ҚорытындыТабиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс – әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз