Жылдың соңына қарай еліміздегі жұмыссыздық деңгейі қандай болмақ? Еңбек министрі жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбек нарығындағы мәселелер жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жұмыссыздық

«Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және жұмыспен қамтудың қалпына келуі ең алдымен карантин шараларының жеңілдеуіне және төмендеуіне, кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының қайта қолға алынуына, сонымен қатар экономиканың жандануына байланысты екендігі сөзсіз. Жұмыспен қамту процесінің қалпына келуі күрделі болады. Дегенмен, біз еңбек министрлігі деңгейінде болжам жасадық», – деді ол. 

Сондай-ақ еңбек министрі карантин режиміне дейінгі уақытпен салыстырғанда кейінгі жұмыссыздық жағдайы 1,1%-ға артуы мүмкін екенін айтады. 

«Жыл қорытындысында жұмыссыздық деңгейі төтенше жағдайға дейінгі 4,8 пайызға қарағанда 5,9 пайыз деңгейінде болады. Дегенмен үкімет қазірдің өзінде халықты жұмыспен қамту шараларын қабылдады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске қосылып, «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері кеңейтілді. Бұған қоса, өзге мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін ескеріп, 2020 жылы 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамтасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деп қосты министр.

Бұған дейін Нұрымбетов Карантиннің жеңілдетілуі маусым-шілде айларына тұспа-тұс келетінін айтқан болатын. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз