Нұр-Сұлтан сыртындағы блок-бекеттер мамыр айының соңында алынуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қала сыртындағы блок-бекеттер қашан алынатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок пост

Қазіргі уақытта елорда сыртында жеті блок-бекет орналастырылған екен. Олар карантин толығымен алынғанға дейін жұмыстарын жалғастырады. 

«Егер Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының соңына дейін азаятын болса, онда сол уақытқа таман блок-бекеттерді алу мәселесін қарастырамыз», — деді әкім орынбасары. 

Бұған қоса ол елордаға ұшақтан бөлек, автокөлікпен де кіруге болатынын айтып кетті. 

«Біз бұған арнап алгоритм құрастырып қойдық. Қалаға оралғандардың бойынан коронавирус анықталмаса да, олар 14 күнге үй карантиніне жатқызылады», — деп қосты ол. 

Еске салайық, 11 мамыр күні еліміздің аумағында ТЖ режимі аяқатлған болатын. Сонымен қатар ұшақ жолаушылары ендігәрі ПТР тестінен өту міндетті емес. 

stan.kz