Жерге алып астероид жақындап келеді

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сейсенбі, 24 қыркүйек күні Жерге үш Хеопс пирамидасы көлеміндегі алып астероид жақындайды деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Алып астероид Жерге 4,2 миллион километрге жақындайды.

NASA жер маңындағы объектілерді зерттеу орталығының мәліметінше, 523934 (1998 FF14) атауына ие болған аспан денесінің көлемі шамамен 190 метрден 430 метрге дейін жетеді.

Оның көлемін биіктігі 139 метрге жететін екі-үш Хеопс пирамидасымен салыстыруға болады.

Астероид Жерге 4,2 миллион километрге жақындайды.

Ресей ғылым академиясының астрономия институты жұлдыздар физикасы және эволюциясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Вибенің айтуынша, бұл қашықтықтан ғаламшарға әсер ету мүмкін емес.

«Бұл қалыпты жағдай. Ол қатты жақындамайды. Кез келген астероид Жерге бір жағдайда ғана әсер етеді, яғни Жерге құлаған кезде. Бірақ осындай қашықтықтан ұшып өтетін астероидтың ешқандай әсері болмайды», – дейді ғалым.

Оның айтуынша, астероидтың көлемі бірқалыпты.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар адамзаттың жер бетінен қанша күнде жойылып кетуі мүмкін екенін айтты



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз