Жаңажылдық шырша ерекше күтімдегі балаларға арналды

0

MEGA Silk Way – ойын-сауық орталығына жиналған 500 балаға сыйлық табысталды және оларды Аяз ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір мен заманауи мультфильм кейіпкерлері – трансформерлер, миньондар, аю, темір адам келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Мерекені инклюзивті алаңда қарсы алған балалар даун, аутизм синдромдары, spina bifida, қимыл-тірек аппаратының күрделі зақымы, обыр (ДЦП) ауруларымен кү­ресіп келеді. Айта кетейік, ойын-сауық орталығындағы алаң қо­ғамдық қорға тегін ұсынылды. 

2015 жылы құрылған «Асыл бала» республикалық қауым­­дастығы өз жұмысында не­гізгі үш принципті ұстанады. Бі­рін­шісі – денсаулығы ерекше күтімді талап ететін балаларға қамқорлық көрсету және қар­жы­лай көмектесу, екіншісі – ауруха­наларды ең қажетті жабдық­тармен қамтамасыз ету және қазақстандық дәрігерлердің білік­тілігін арттыруға атсалысу, үшіншісі – қауымдастыққа мүше бол­ған үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орна­туға көмектесу және елі­мізде ғана емес, әлемде емдеу тəсілдері қарастырылмаған ауруларға шалдыққан балаларды сауықтыру методикаларын құрастыру», деді «Асыл бала» қоғамдық қорының баспасөз қызметшісі Гауһар Омарбек.

Жоғарыда атап өткен үш прин­циптің әсіресе соңғысы елі­міздегі бүлдіршіндер мен олар­дың ата-аналары үшін ауадай қажет. Сондықтан «Асыл бала», «Мир равных возможностей», «Солнечный мир», «Ми­кротия және атрезия», «Co-make», «Разные дети», «Spina Bifida», «Орда», «Олимпионик», «Марцана», «ҚАРАБЕКОВ», «Nomad Star» және «Каратэ-до федерациясы» сияқты үкіметтік емес ұйымдарымен осы бағытта тығыз жұмыс істеуде. Яғни туғаннан бас­тап аутизм, даун синдромы, spina bifida (омыртқаның және жүйке тамыр түтігінің дамуындағы туа біткен патология), ми салдануы ауруларына шалдыққан балаларды оңалту орталықтарын тек қаржыландырып қана қоймай, олардың жұмыс тәсілдерін зерттеп, еліміздің өзге өңірлеріне таратуды қолға алған.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз