Жамбыл облысында қол астындағыларды ұрған полиция басшысы видеодан кейін жұмысынан кетті (видео)

0

Жамбыл облысында полиция ғимаратының алдында қол астындағы қызметкерлеріне қол көтерген басшы қызметінен босатылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, видео әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Онда полицейлер арасындағы жарғылық емес қарым-қатынас фактісі тіркелген.

Департамент атап өткендей, оқиға осы жылдың 4 маусымында Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған. Осыдан кейін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізген.

Видеодағы аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев этикалық нормаларды өрескел бұзғаны үшін қызметінен босатылған. Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы қол астындағы қызметкерлерін кемсітті және оларға қол көтерді деп айыпталғаны туралы жазған болатынбыз.

Жоғары шенді басшының қызметкерлерге деген дөрекі қарым-қатынасы көрсетілген видео әлеуметтік желіде пайда болған.

kaz.nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз