Ұлттық қауіпсіздік комитеті видеоүндеу жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Youtube-те видео жариялады. Роликтің бір күнде тоғыз мыңнан астам адам көрді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті видеоүндеу жариялап, күдікті азаматтар туралы дер кезінде ақпарат беруге шақырды.

Бұл терактінің алдын алуға мүмкіндік береді. ҰҚК Youtube желісіндегі жеке парақшасында «Сіздің қырағылыңыз терактінің алдын алуға мүмкіндік беруі мүмкін» («Ваша бдительность может предотвратить теракт»)  деген тақырыппен видео жариялады. Онда құзырлы орган қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

Видеода қара киім киген ер адам қаланың ортасында полиция көлігінің нөмірін жасырын түсірмекші болған сәті бейнеленген. Кейін ол радиация белгісі бар канистрді өзімен бірге автобусқа алып кіргенін көруге болады.

Ал екінші кадрда ер адам қара рюкзакты қоғамдық орнында тастап кеткен сәті көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады

«Күдік тудырмай ма? Мүмкін, бұл туралы айту керек шығар?», – делінген роликте.

Видеоның соңында дер кезінде берілген ақпарат терроризм актісінің алдын алуға мүмкіндік беретіні жайлы айтылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз