Ұлттық ғарыш агенттігі басшылығы мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді — Қазақстан жаңалықтары

0

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарын пайдаланып ірі көлемде ақша жымқырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пара

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі» (ЖҚЗҒЖ) жобасын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың жымқырылуына қатысты істі тергеу барысында «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы орынбасарының лауазымды қызметін асыра пайдаланғаны анықталыпты.

«Қоғамның бұрынғы басшысы 2009 жылдың 6 қазанында қаржылық-экономикалық негізсіз француздық «EADSAstrium» компаниясымен құны 260 млн еуро тұратын екі спутник жеткізу туралы келісімге келген. Сонымен қатар қоғамның тағы бір бұрынғы президенті, кейін министрліктердің бірінде вице-министр болған адам «Астана Банкі» АҚ-ға 1,6 млрд теңгені негізсіз салуына қатысты күдікке ілінді. Аталмыш банктегі дефолтқа байланысты қаражат қайтпай қалған», — делінген ресми хабарлмада.

Күдікке ілінгендердің үйін тінту барысында маңызды құжаттар мен заттар, сонымен қатар ұлттық және шетелдік валютадағы қаражат табылып тәркіленіпті

Сонымен бірге жобаны жүзеге асыруға қатысқан лауазымды тұлғаларға қатысты қазір тергеу амалдары жалғасуда. 

 

stan.kz