Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді

0
0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мұнайлы ауданында бөлім басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында өзгеше әдіспен пара алған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Мұнайлы аудандық әкімдігіне қарасты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алғаны үшін айыпталып отыр. Атап айтқанда, шенеунік өз үйіне асүй жиһазының үстіңгі тақтайы мен оған тіркелетін жуғышты орнатқызған. Құқық қорғаушылар жиһаздың астыңғы жағына «пара» деген белгіні жазып, заңбұзушылықты әшкереледі.

Оқи отырыңыз: Сәпиевтің орынбасарына қатысты тағы бір істің видеосы жарияланды 

«Күдікті өз кінәсін мойындады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды. Соңғы шешімді сот шығарады», – дейді тергеушілер.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз