Ұлттық банк 2000 теңгелік банкноттар туралы мәлімдеме жасады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қазіргі уақытта айналыста ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі номиналы 2000 теңгелік банкноттар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі уақытта айналыста ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Азаматтар қайсы жалған екенін білмей әлек болды.

«Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық банк төрағасының теңге банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналыста ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар», – делінген ақпаратта.

Бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, деп атап өтті ұлттық банк.

Ал сұрақтар туындаған жағдайда қолма-қол ақша айналымы департаментінің +7 (727) 596-814 телефонына хабарласуға болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз