Қазақ тілін үйреніп, балаларына қазақша есім берген: Нидерланды тұрғыны біздің елге неге қоныс аударды – Қазақстан жаңалықтары

0

Натан Виссер Қазақстандағы арбаға таңылған балалардың барлығын аяққа тұрғызсам деп армандайды. Эрготерапевт кезінде біздің елде 10 жыл тұрып, біраз балаға көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

натан голландец

Қазақтың жанын түсіну үшін, алдымен оның ана тілін үйрену керек деген ол қазақша мақалдатып сөйлегенде сіз бен бізді шаң қаптырады. 

Натан Қазақстанға алғаш турист ретінде 2005 жылы сапарлаған, табиғаты сұлу, халқы қонақжай елді бірден ұнатып, бір жылдан соң көшіп барған. Голландияда алған дипломмен ауылға тарттым дейді өзі. 
«2006 жылы волонтерлар ұйымының директоры: «Алматыда тұрсаң, қазақтың нағыз мәдениетңн, тіл үйренбейсің, бірақ кегер сен ауылға барсаң, мүмкіндік бар. Ол дұрыс деп ойладым. Балалармен жұмыс істегім келді, ал ол үшін сен тілді білу керексің, олардың ойын білу керексің»,- дейді Натан.

Алматы облысының Көктал ауылында өкіл шешесі Әлима мен әкесі Беріктің отбасында тұрып, Натан қазақша үйренген. Арбаға таңылған қазақ балаларын емдеумен айналысқан. 
Бұл 9 жастағы Айтқұрманның алғаш аяққа тұрып, мектепке бара жатқан қуанышты сәті. Сол Айтқұрман қазір 21 жаста. Жоғарғы білім алып, ерінбей еңбек етіп жүр. 

«Натан ағаның көмегінің себебімен, табанымды толық басатын болдым.Сосын ол кісі маған ең соңғы үлгідегі ходунок сыйлады. Менің ойымша, Натан ағаның жаттығу жасау тәсілдері көп балаларға көмектеседі»

Натан Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балғындарға көмектесіп жүріп, болашақ жары Эйвилинді кездестірді. Ол да эрготерапевт. Қалың малын төлеп, тойды қазақтың салты бойынша Алматыда жасаған. Қазақтың құрметіне үш баласының атын: Берік, Аяна, Сәуле деп қойған. 

Evelin

Натан Қазақстанда тұрған он жылда мыңдаған мүгедек баланың жүріп кетуіне күш салды. Эйвилин екеуі олардың әр қадамына қуанып, ғаламтор арқылы күнделікті жағдайын әлі күнге дейін біліп отырады. 

«Арманым Қазақстандағы балаларға ары қарай көмектесу. Мүгедектерге дұрыстап көмектескім келеді. Біз ешқашан Қазақстанды ұмытпаймыз. Әрқашан жүрегімізде, есімізде қалады. Ол естеліктер ешқайда кетпейді», – дейді ол.

«Біз нағыз қазақпыз», деген Натан мен Эйвилин, үйіне келген меймандарға да қазақтың қонақжайлылығын паш етеді. Қазақстанды сағынғанда, қазақтың ұлттық тағамдарын пісіріп, естелік суреттер көріп, сағынышымызды басамыз дейді қос дәрігер. 
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз