Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірледі

0

Жыл басынан бері экономикалық өсім 0,2 процентке төмендеді, жаңа жоспардың негізгі мақсаты – экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин экономикалық өсуді қалпына келтіру жоспарын талқылауға шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген іс-шаралардың негізінде осы жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Ұлттық экономика министрлігіне премьер-министрдің кеңсесімен бірлесіп, осы кешенді жоспарды келесі отырысқа шығаруды тапсырамын. Әкімдіктер қызмет көрсету секторын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет», – деді Мамин бүгінгі үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, негізгі мақсат – экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру.

«Қазіргі таңда карантин режимі біртіндеп жеңілдетілуде. Жалпы, экономика салаларын қалпыну келтіру басталуы тиіс. Эпидемиялық жағдай ескеріліп, қызмет көрсету секторларының белсенділігі қалпына келуі қажет. Бұған мемлекеттің қолдау шаралары әсер етеді», – деп атап көрсетті Мамин.

Үкімет басшысы жыл басынан бері экономиканың 0,2 процентке төмендегенін де еске салды. Бұның барлығы – әлем бойынша қолға алынған шектеу шараларының салдары.

«Әсіресе, қызмет көрсету секторы карантин кезіндегі екі айда төмендеді. Сауда мен көлік салалары бойынша сәуір айының көрсеткіштері наурыз айымен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді. Дегенмен, өткен төрт айда экономиканың базалық салаларында оң динамика сақталды», – деп атап көрсетті Мамин.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз