Түркістандық дәрігерлер коронавирус жұтырған жүрек ауруы мен пневмониясы бар нәрестені құтқарып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған жаңа туған нәрестеге ота жасалды. 11 күндік нәрестеде туа біткен жүрек ауруы анықталған, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, сәби Сайрам ауданынан ауыр жағдайда Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балада ентігу және ыстығы болды. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Дәрігерлер нәрестеге туа біткен жүрек ауруының белгілері диагнозын қойды. Дәрігерлердің айтуынша, жүрек тамырларының тарылуына байланысты баланың өміріне қауіп төнген. Оған қоса, пневмония және коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Нәтижесінде облыстық балалар ауруханасының кардиохирургі Алмат Байсалов бастаған дәрігерлер бірден ота жасатуға шешім қабылдаған.

«Екі сағаттық операция сәтті өтті. Бала аман қалды. Операциядан кейін төменгі аяқтардағы қан ағымы және қан қысымы қалыпқа келді», — дейді мамандар. 

Нәрестенің ата-анасы баласының өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыстарын білдірді.

Дәрігерлер операцияны арнайы операциялық бөлмеде емес, COVID-19 таралуын болдырмау үшін реанимация бөлімінде өткізгені атап өтілді.

Қазір бала қарқынды терапияны алуда, оған дәрігер мен медбике тағайындалған.

stan.kz