Түркістан облысында бүлдіршіннің қол-аузын байлап қинаған кім – тың дерек шықты 

0

Оқиғаны тексеріп жатқан полицейлер видео түсіріліп жатқан кезде баланың анасы үйде болмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында аузы мен қолы байланған баланың видеосы желіні шулатып жатыр.

Байлаулы ұл баланың қиналып жатқанын әкесі түсірген. Оның айтуынша, бүлдіршінді қинаған туған анасы көрінеді.

«Балам, не болды, балам? А, балам?».  Аузы байланған баласына қайта-қайта сұрақ қойып жүрген еркек оны шешуге асықпайды.

Туыстарымен бірге келген ол шашылып жатқан үй ішін видеоға түсіріп, жайбарақат жүр. Осы видеоны дәлел ретінде екі күн бұрын полицияға беріп, екі жыл бұрын ажырасып кеткен әйелінің үстінен арыз түсіріпті.

Алайда оқиғаны тексеріп жатқан полицейлер анасының видео түсіріліп жатқан кезде үйде болмағанын айтады. Тек туыстары болған, деп хабарлады КТК.

Төрт жыл бірге азаматтық некеде болған екеудің 5 және 3 жастағы ұл мен қызы бар. Ал ажырасқаннан кейінгі дау балаларға әкесінің ұзақ уақыт алимент төлемеуінен басталды деп отыр. Бүлдіршінді байлап тастаған анасы ма, жоқ әлде оған қарсы әдейі істелген нәрсе ме, қазір сол жағы анықталып жатыр.

«Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-шы бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған», – деп атап өтті Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы мен кінәлі тарап анықталады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз