Түркияның үздік музей мамандары Павлодарға келуді жоспарлап отыр

0
26 Қараша 2018, 14:59 184 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірманов қазақстандық делегацияның құрамында тәжірибе алмасу мақсатында Түркияға барып келді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Бұл сапар «Қазақстанның киелі жерлері» картасы бойынша елімізде нәтижелі жұмыс істеген өңірлердің мамандарына арналды. Оның ішінде Астана, Алматы қаласы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Павлодар, Алматы облыстарынан бір адамнан барды. 19-23 қараша аралағында музейді жаңа форматқа көшіру және жандандыру бойынша Анкара, Адана, Мерсин, Ыстамбұл қалаларында болдық. Түркияның вице-министріне Павлодар облысы туралы кітап пен естелік сыйлықтар тарту еттік», – дейді Асылбек Мейірманов.

ҚР Ұлттық музейі «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әріптестігі аясында ұйымдастырылған сапар аясында Түркиядағы музейлердің дамуы туралы ақпарат ұсынылған. Сондай-ақ, делегация музейдегі еңбектерді сақтау және музей көріністерінің жұмыстарын дайындау тәсілімен таныстырып, музей басқару, музей қызметкерлерін оқытудың технологиясы, қыр-сыры туралы құнды мәліметтермен танысты.

«Осы сапардың нәтижесінде Түркия елінің ең мықты музей қызметкерлерін тәжірибе алмасу мақсатында Павлодарға шақырдық. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жаңа жылға дейін меймандар келіп қалады деген үміттеміз», – дейді Асылбек Мейірманов.

Айта кетерлігі, сапарға Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен мәдени мұра және музейлер басқармасы жетекшілік етті.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз