Тоқаев бюджет туралы жарлыққа қол қойды

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бюджетті нақтылау кезінде экономиканың қазіргі жағдайы мен әлемдегі эпидемиологиялық ахуал ескертілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Әлемдік экономиканың жағдайын, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды», – деп жазылған сайтта.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында премьер-министр Асқар Мамин үкіметке 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет пен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау шараларын қолға алуды тапсырған болатын.

Ұлттық қордан алынатын трансфет ұлғайтылады

2020 жылы Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион 70 миллиард теңгеге артып, 4 триллион 770 миллиард теңгеге жетеді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов трансфертті ұлғайту дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырып, бюджетке кем түсетін ақшаның орнын толтыру үшін қажет екенін жеткізді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз