Танымал актриса шұғыл ауруханаға жеткізілді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дәрігерлер 76 жастағы актрисаның диагнозын нақты айтпай отыр. Алайда жағдайы ауыр екенін хабарлаған

АЛМАТЫ, 6 қараша — Sputnik. Танымал француз актрисасы Катрин Денев Париждегі клиникалардың біріне жеткізілді.  Дәрігерлер 76 жастағы актрисаның диагнозын айтқан жоқ. Алайда жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Қазіргі уақытта клиника дәрігерлері актрисаны тексерістен өткізіп жатыр, деп хабарлайды Le Parisien басылымы.

Ауруханаға түсер алдында актриса режиссер Эмманюэль Берконың кинотуындысына Бенуа Мажимелмен бірге түскен.

Францияның театр және кино актрисасы, әнші Катрин Денев 1943 жылы 22 қазанда Парижде дүниеге келді.

Тағы оқыңыз: Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті

Деневтің карьерасы 1964 жылы басталды. Канн фестивалінде «Шербурские зонтики» музыкалық фильмінің премьерасы сәтті өтті. Ал 1965 жылы Роман Поланскийдің психологиялық триллеріне түсті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз