Таиланд патшасы коронавирустан 20 көңілдесімен бірге шетелдік қонақ үйге қашты – Қазақстан жаңалықтары

0

Таиланд патшасы Х Маха Вачиралонгкорн Рама коронавирусқа байланысты жанына 20 әйел алып, шетелдік қымбат қонақ үйге барып оқшауланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гарем

Бұл туралы Daily Mirror басылымы жазды. 

67 жастағы Таиланд елінің патшасы Grand Hotel Sonnenbichl неміс қонақ үйін тұтастай жалдап, онда өзінің көңілдестерімен бірге барып орналасыпты. Оның жаныда әйелінің болғандығы айтылмады. Германия билігі елдегі төтенше жағдайға қарамастан Таиланд монархына мемлекетте демалуына ресми түрде рұқсат берген көрінеді. 

Ел патшасының осындай олқылыққа жол бергені үшін таиландықтар оған қарсы жаппай наразылық білдіруде. Осыған орай таи халқы әлеуметтік желілерде «Бізге патша керек пе?» деген хештег ойлап тапқан сыңайлы. Қазір осы хештекпен миллиондаған жазба жиналып қалған. Жергілікті тұрғындар Таиланд заңын ескермей, монархқа қарсы дөрекі сөздер айтап, оны балағаттауға кірісіпті. Бұл елде заң бойынша монархияға тіл тигізгені үшін азаматтарды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Жалпы алғанда 67 жастағы патша төрт рет үйленген екен. Алайда оның алғашқы үш жарымен жолы болмаған. Ең соңғы рет монарх  40 жастағы Сутхида Тиджай есімді оның күзетінде болған әйелмен көңіл қосыпты. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз