Sputnik Қазақстан тілшісі жастар арасында өткен байқауда жеңімпаз атанды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Жасампаз елдің жастары» байқауы Қазақстандағы Жастар жылы аясында өткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұргүл Әубәкірова Алматы әкімдігі өткізген «Жасампаз елдің жастары» байқауында «Ақпараттық агенттіктердің үздік мақаласы» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Марапаттау салтанаты Алматыда өтті, мен Нұр-Сұлтаннан ұшып бардым. Күтпеген жерден жеңіске жетіп, қатты қуандым. Барлығы жеті номинация болды, мен жеңімпаздардың бірі атандым. Конкурсқа арнайы мақала жазған жоқпын, күнделікті жұмысым барысында дайындаған мақалаларды жібердім: бортсерік Әлия Әбдіқадырова, алты аспапта ойнайтын зағип музыкант Нұрдан Арғынұлы, Голливудта танылған Диас Әзімжанмен үш сұқбат», – дейді әріптесіміз Нұргүл.

Атап өтсек, Нұргүл Әубәкірова Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Социал ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Соңынан ерген төрт інісі мен бір сіңлісі бар.

Тағы оқыңыз: Sputnik Қазақстан тілшісі Журналистер одағының жүлдесін алды

Sputnik Қазақстан редакицясы Нұргүлді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстарға жете беруін тілейді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Sputnik Қазақстан тілшісі Александр Мироглов Қазақстан Журналистер одағының 2019 жылғы жүлдесінің лауреаты атанды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз