Смартфоныңыздың тыңдалғанын қалай анықтауға болады – сарапшы жауап берді

0

Сарапшы атап өткендей, егер телефон кенеттен «өз өмірімен өмір сүре бастаса», сізге абай болу керек.

Сіз орнатпаған қосымша бағдарламалық жасақтаманың, қосымшалардың болуы сіздің телефоныңыз тыңдалғанының белгісі болуы мүмкін.

Телефоныңыз кенеттен «өз өмірімен» өмір сүре бастаса, яғни егер сіз оны пайдаланбасаңыз да қоылып/өшіп, қызып кетіп, аккумулятор тез таусылып бастаса бұл сізді алаңдату керек – деді TelecomDaily ақпараттық-талдау агенттігінің басшысы Денис Кусков.

Оның айтуынша, телефон тыңдаудың көптеген нұсқалары бар, оларды заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Мұны тану әрдайым мүмкін емес, оны жасау оңай емес, өйткені қымбат жабдық қолданылады.

Сондай-ақ, егер батарея смартфонда өте тез таусылып қалса, бұл қандай-да бір бағдарламаның фонда жұмыс істеп тұрғанын білдіреді және мұны да анықтау керек, дейді сарапшы.

Аударған: KzNews

Дереккөз: Закон

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз