Шахматшы Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

0

Қытайдың Синтай қаласында аяқталған шахматтан Азия чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жеңіске жетті. Күмісті индонезиялық Сукандар Ирина Харисма, қоланы моңғолиялық Мункзул Турмунх алды.

Турнир швейцариялық жүйе бойынша, 9 раундтан өтті. Сәдуақасова 9 ұпайдан 7,5 ұпай иеленді. Әйелдер арасындағы жарысқа 15 елден 36 спортшы қатысты.

Ерлер арасындағы жарыста вьетнамдық Ле Куанг Лием Азия чемпионы атанды. Қазақстандық Ринат Жұмабаев 5-орын алды.

Динара Сәдуақасова — шахматтан әйелдер арасында Азия чемпионаты атанған алғашқы қазақстандық. Ол 2012 жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Осы жылы халықаралық гроссмейстер атағын иеленген. Қазір Сәдуақасова әлемдік рейтингіде 24-орында тұр.

Azattyq