Ресей хантавирус ауруы бойынша әлемде екінші орынға шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Ресей хантавирус ауруы бойынша әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында, деп жазады Изестия басылымы.

Еділ, Башқұртстан және Сочи Ресейдің қауіпті аймақтарының қатарына енген. Өте қиын жағдай 2019 жылдың қысында, Саратов облысында пайда болды. Ол кезде жергілікті «Кумысная Поляна» табиғи саябағында үш мыңға жуық адам жұқтырған.

Басылым қазіргі уақытта Ресейде хантавирустарды анықтау үшін сынамалар мен тиісті екпе жасағаны, клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын атап өтті. Газет хантавирустың таралуына байланысты індеттің пайда болуының себебі оның адамнан адамға берілуі екенін, ал әзірге хантавирустың кеміргіштер мен жарқанаттардан адамға (шаң арқылы) берілетіні тіркелгенін еске салады.

Наурызда Қытайда ер адам хантавирустан қайтыс болды. Юньнань провинциясының тұрғыны Шаньдунға бара жатқан қоғамдық көлікте қайтыс болды. Дәрігерлер сол автобустың барлық жолаушыларын тексерді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз