Қостанай облысының жаңалықтары: Қостанай-Қарабұтақ тасжолындағы апат

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қостанай облысындағы «Қостанай-Қарабұтақ» тасжолында екі көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті «Алау» порталы.

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, жол апатына 25 жастағы ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі кінәлі екен. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта кетіп бара жатқан Toyota-ға соғылыпты.

«Салдарынан ВАЗ-2112 көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші Қамысты аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда ол есін жинамастан, көз жұмды», — делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жол апатынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы оларға тиісті медициналық көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Тағы оқыңыз: Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті — фото

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның ішінде көліктерді автотехникалық тексерістен өткізу де бар. Тексеріс қорытындысы шыққан соң полиция қызметкерлері ВАЗ-2112 жүргізушісінің неге қарсы бағытқа шыққанын анықтайды. 



sputniknews.kz