Қосшы ауылының халқы сасық иіске тұншығып отыр

0

Ақмола облысының әкімі астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, аймақты дамыту бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықпаев Қосшы ауылындағы сасық иіс мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Брифинг кезінде журналистер елордаға жақын Қосшы ауылының проблемасын көтерді. Ауылға жақын жерде «Алтын таға» деген мал базары бар. Сол жерден жылдың төрт мезгілінде жағымсыз иіс шығады.

«Иіс бүкіл Қосшыға тарайды. Өйткені малды сойғаннан кейін ішек-қарны далада жатады. Қыста утилизация жасап, сүйек-саяғын, терісін түгелін өртейді. Иісінен Қосшы ауылының тұрғындары есік алдында шығып, балаларын ойната алмайды. Мен өзім сол ауылда тұрғаннан кейін осы проблеманы жақсы білемін», – деді тілші Талғат Уәли.

Облыс әкімі брифингтен кейін Қосшы ауылына барып, мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді.

«Алтын таға» – ол біздің үлкен базарымыз. Ол жерде өте көп мал сояды. Жылына шамамен 300 мал соямыз. Қазір аудан әкімі осында. Осы брифингтен кейін барып, зерттейміз де, сіздерге жауап береміз», – деді Ермек Мыржықпаев.

Тағы оқыңыз: Қазақ жігіті қойдың ішегінен қалай пайда тауып отырғанын айтты



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз