Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Арыстағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

«24 маусымда Түркістан облысы Арыс елді мекені маңында орналасқан ҚР Қарулы күштері арсеналдарының бірінде өрт шығып, артынша оқ-дәрі бөлшектерінің бірнеше жарылысы болды. Әзірге төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада. 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Министрліктің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді. Қарулы күштердің жеке құрамы жарылыс салдарын азайту және жою бойынша шаралар ұйымдастырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз