Қолындағы асатаяғында лифт орналасқан алып Абылай хан монументі: Жоба құрылысына жұмсалатын қаражат айтылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қоғам қайраткері Арман Шораев Абылай ханға арналған алып ескерткішті тұрғызуға 5-7 миллион доллар кететінін мәлім етті. Жоба авторлары халықтық қаржыландыруды тартпақшы, ал мемлекет тарапынан тек жер бөлінсе болғаны, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ескерткіш кешені Ақмола облысындағы Бурабай шипажай аумағында Кенесары ауылында салынады деп жоспарланыпты. Оның биіктігі 54 метрге жетеді екен. 

Бұл үшін қазақстандықтар мен шетелдік сәулеткерлерді тарту алға қойылған. Алдағы уақытта ең үздік сұлба байқауы жарияланады екен. 

Қазірдің өзінде ескерткіштің макеті бар көрінеді: сәулетші Айдар Жамхан хан тағында отырған тариғи тұлғаны мүсіндеуді ұсынған. Ал оның оң қолындағы асатаяқта лифт орналастырылмақшы. 

«Былтыр қыркүйек айында Абылай хан бабамызға арналған елімізде үлкен монумент бой көтерсе деген идеямен бөліскен едім. Әлеуметтік желілерде бұл тақырып бойынша қызу талқылау болып, сол жерде азаматтардың 95 пайызы қолдау білдірді деп айтсам өтірік емес. Сонымен қатар, мемлекет басшылығы тарапынан қолдауға ие болдық. Бүгін ұсынылып отырғаны бастапқы кескін (эскиз) деп айтуға болады», – деді қоғам қайраткері Арман Шораев.

Ол монументтің құрылысына үш жыл кететінін айтып кетті. Бұған қоса сәулет нысанының аумағында мұражай, кітапхана, конференция залы мен, виртуалды әлем айлағы болады екен. 

Абылай хан

Шораевтің сөзінше, бұл монументті салып, толықтай іске асыруға шамамен 5-7 млн АҚШ доллары қажет болады. Бұл ақша келген турситердің арқасында жылдам өтеледі деп сендірді ол. Мысал ретінде қоғам қайраткері Моңғолиядағы Шыңғыс ханға арналған ескерткішті айтып кетті. Сөзінше, оның құрылысына кеткен 5 миллион доллар 10 жылда өтеліпті. Десек те жоба ұйымдастырушысы Абылай хан монументі моңғол ескерткішінің көшірмесі емес екендігін ескеріп кетті. 

«Монументтер бір-біріне ұқсауы мүмкін», – деп қосты Шораев. 

Арман Шораев Абылай ханға арнап ескерткіш тұрғызуды былтыр көтерген. Оның бұл бастамасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мақұлдапты. 

 

Абылай хан

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз