«Қазір тек амандасып тұрамыз»: Әлішер Кәрімов өзі құлай сүйген аруы жайлы айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Талантты әнші, өзіндік стилі мен кең диапазонымен танымал әнші Әлішер Кәрімов қол жетпей кеткен армандағы аруы мен қазіргі өмір туралы, өнердегі шығармашылығы туралы сұхбат берді. Әлішер үйлену туралы жоспары барын да ашық айтты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК Show бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлішер Кәрімовтің сахнада жүргеніне 15 жыл толды. Орта жастан асқан әнші өмірде де, өнерде де талғамы жоғары екенін айтады. Әр бастаған істі сапалы шығаруға ұмтылады. Көбіне жанды дауысты, өз командасымен өнер көрсеткенді жаны сүйеді.

«Концерт қоятын болсам, барлық майда жұмыстарға мән беремін. Бишілер, сахна, киім бәрі. Сапалы дүние жасағанды жақсы көрем. Әнді жанды дауыста айтқанды ұнатамын. Фонограммамен айтатын да кездер болады дейді. Тойға шықсам, өз командаммен жүрем. Сондықтан қаламақы қымбат», – деді әнші. 

Әлішердің өзінше ол өнердегі жас әншілерден гөрі, орта буындағы, үлке буындағы әншілермен араласады екен. Ал, достарымен, жақындарыме жүргенде қазақша сөйлесетінін, сондықтан қазақ тілін тез үйреніп келе жатқанын айтып қалды. 

Жақында әнші блефаропластикаға жүгініп, көзіне ота жасатқан. Бір қараған адам аңдамағанымен, жүзінен айтарлықтай өзгерісті байқауға болады. Сонымен қатар омыртқасына ота жасатып, бойын ұзартқанын да сөз еткен еді. 

«Маған бұрынғы түрімнен гөрі қазіргі бейнем қатты ұнайды. Еш өкінбеймін. Бұрын өз жасымнан ересек көрінетін едім. Қазір жасарғандаймын», – деді ол.

35 жасқа келгенше сүр бойдақтар тізімінде жүрген Әлішердің алдағы уақытта үйлену жоспарында бар. Жүрегін жаулаға ару да бар болып шықты. Алайда ол ару әлі тұрмысқа дайын емес дегенді сылтау етті. 

«Сөйлесіп жүрген адамым бар, жоспар да бар. Бірақ аздап уақыт керек. Ол да дайын емес. Бәрі алда бола жатар. Өзім отау құруға дайынмын», – деді Әлішер. 

Әншінің репертуарында жүрекжарды мұңды әндері де бары белгілі. Мұны өткенімен байлыныстыруға болады. Себебі…

«Жүрегімді ауыртқан қыздар болды. Бір ару болды қосылмай кеткен. Өмірде бәрі біз қалағандай бола бермейді ғой. Өмір сонысымен қызық. Қазір жақын аралапаймыз. Тек амандасып тұрамыз. Бұл сұхбатымды естісе, қазіргі сүйіктім ренжитін болды», – деп күлді әнші. 


Тағы оқыңыз:


 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз