Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Василий Розиновты сот ақтап шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Бұған дейін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылған «Иволга холдинг ұйымының экс-басшысы Василий Розиновқа сот жаңа үкім шығарды, деп хаьбарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Розинов

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Соттың 2020 жылы 2 наурыздан шығарған үкімі прокурордың өтінші бойынша қайта қаралыпты. Ресми деректерге сәйкес, Розиновтың қылмысы ҚР ҚК «Заңсыз несие алғаны үшін» 194 бабы 1 бөліміне сәйкес келеді екен. 

«Қылмыс 2011-2013 жылы орындалып, орташа дәрежелі болып саналатындықтан және арада жеті жыл өтуіне байланысты сот ҚР ҚК 71 бабына сәйкес айыпталушыны ұзақ уақыт өтіп кеткендіктен босату туралы шешім шығарды», -делінген сот хабарламасында. 

Еске салайық, сот Қазақстандағы ең ірі мекемелердің бірі «Иволга холдинг» экс-директоры Василий Розинов алаяқтық жасап, біреудің мүлкіне зиян келтіргені үшін екі жылға бас бостандығын шектеген еді. 

Алғашында Розинов қызметін пайдаланып, алаяқтық жасаған деп айыпталыпты. Алайда сот барысында оның қылмысы ауыр деп танылған. 

Атап кетерлік жайт, «Иволга холдинг» ЖШС 2011 жылы 7 шілдеде «Еуразиялық даму банкі» халықаралық ұйымынан 80 миллион доллар көлемінде несие алып, оның тек 30 миллион доллар және сыйақы түріндегі 13 821 474 долларды қайтарған. 

Василий Розинов 2016 жылы Forbes басылымының мәліметі бойынша, ең бай 50 адамның қатарына кірген. Ол 105 миллион долларлық байлығы болған үшін 41 орынға табан тіреген. Десек те келесі жылдары Розинов бай адамдардың тізіміне енгізілмепті. 

 

stan.kz