Қазақстанның бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

0

Бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты елордадағы ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында кешкі сағат алтыда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты 20 желтоқсанға ауыстырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әкімдік салтанатты шара ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында 18 желтоқсан күні өтеді деп мәлімдеген болатын.

Әкімдіктің ақпаратынша, Қазақстанның бас шыршасы 20 желтоқсанда сағат 18:00-де жағылады.

«Салтанатты рәсім қазақстандық әртістер қатысатын концерттік бағдарламамен сүйемелденеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мұз төбешігінде қысқы ойын-сауық ойындары ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама елорданың халық көп келетін көрікті жері – «Нұр Әлем» сферасының маңайында өтеді.

Сондай-ақ, ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Аумағы 1300 шаршы метр мұз айдыны бір мезетте 200 адамға дейін қабылдай алады. Конькиді жалға алу құны – 500 теңге, ал өз конькиін алып келгендер тегін сырғанайды. Мұз айдыны жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 23:00-ге дейін істейді.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

Бұдан бөлек, кешен аумағында дәмхана мен мейрамханалар, тұрғындарға  ыңғайлы болу үшін 3000 орындық жерасты автотұрағы жұмыс істейді.

Бас шыршаның маңында өтетін шаралар

21-29 желтоқсан аралығында Нұр Әлемде «Құпия алып күш» атты жаңажылдық шоу өтеді. Қызықты көрініс шара қонақтарын әйгілі фильмдер мен комикстердегі сүйікті «супер» кейіпкерлермен таныстырады.

«Нұр Әлем» сферасына кіру 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін, ал оқушылар үшін 500 теңге.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз