Қазақстанда тағы 25 адамнан коронавирус табылды

0

Республикада тағы жиырма бес адам қауіпті вирусты жұқтырды, осылайша науқастар саны 629 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма бес адам індетке шалдықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«6 сәуір 17:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi, Жамбыл облысында – 6 адам, Ақмола облысында – 19 адам», – делінген хабарламада.

Республикада науқастардың жалпы саны 629 адамға жетті. 45 адам дерттен айығып шықты, алты адам қайтыс болды. 

  • Нұр-Сұлтан қаласы –  219 адам
  • Алматы қаласында – 116
  • Қарағанды облысында – 48
  • Ақмола облысында – 42
  • Атырау облысы – 24
  • Жамбыл облысында – 35
  • Шымкент қаласында – 14
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6
  • Алматы облысында – 10
  • Ақтөбе облысында – 11
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 25
  • Павлодар облысында – 1
  • Маңғыстау облысында – 5
  • Қызылорда облысында – 37
  • Батыс Қазақстан облысында – 2
  • Түркістан облысында – 28
  • Қостанай облысында – 1 адам.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз