Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды

0

Тағы 22 адам қауіпті вирус жұқтырды, республикада індетке шалдыққан науқастар саны 1615 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Республикада тағы жиырма екі адам індетке шалдықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«18 сәуір 17:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Алматы облысына – 2, Шымкент қаласында – 1, Павлодар облысында – 1, Алматы қаласында – 1, Ақтөбе облысында – 2″, – делінген хабарламада.

Осылайша республикада барлығы 1615 науқас дертке шалдықты. 366 пациент жазылып шықты, он жеті адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы –  365
  • Алматы қаласында – 505
  • Қарағанды облысында – 89
  • Ақмола облысында – 81
  • Атырау облысында – 76
  • Жамбыл облысында – 58
  • Шымкент қаласында – 58
  • Шығыс Қазақстан облысында – 8
  • Алматы облысында – 41
  • Ақтөбе облысында – 27
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 29
  • Павлодар облысында – 18
  • Маңғыстау облысында – 12
  • Қызылорда облысында – 143
  • Батыс Қазақстан облысында – 39
  • Түркістан облысында – 57
  • Қостанай облысында – 9.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз