Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елімізде айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуіне байланысты бірқатар құжаттың бағасы қымбаттады

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Қазақстанда бірінші сәуірден бастап бұған дейін 2 651 теңгеге тең болып келген айлық есептік көрсеткіш көлемі – 2 778 теңге деп бекітілді. Осындай өзгеріске байланысты құжаттарды ресімдеу бағасы да қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АЕК салық түрлері мен мемлекеттік баж, зейнетақы, жәрдемақы сияқты бірнеше әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады.

Құжаттардың бағасы қалай өзгерді

  • Паспортты алу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК немесе 22 224 теңге
  • Жеке куәлік бағасы – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге
  •  Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК, яғни – 1 389 теңге
  • Некені тіркеу – 1 АЕК немесе – 2 778 теңге
  • Неке туралы куәлікті қайта беру – 1 389 теңге
  • Ажырасуға арыз берген кезде мемлекеттік баж құны – 2 АЕК немесе 5 556 теңге.

Айта кетейік, осы кезге дейін неке бұзғаны үшін төленетін мемлекеттік баж құны – 5 302 теңге болған.

Оқи отырыңыз: Назарбаева ажырасудың себебін атады: қазақстандықтар бұл жайлы не ойлайды?

Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты карантин режимі енгізілмеген аймақтарда ғана неке қиюға немесе ажырасуға өтініш беруге болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз