Қазақстанда мүгедек бала тәрбиелегендердің зейнетақы жасын төмендету ұсынылды

0

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін зейнетақы жасын төмендету ұсынылды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған сауалында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

зейнетақы

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді, сондай-ақ, күн сайынғы орасан зор психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерді ескере отырып, ата-аналардың біреуіне қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Себебі мүгедек адам тұрақты және тәулік бойы қамқорлық жасауды қажет етеді», – деді депутат. 

Қазақстанда әйелдер үшін зейнет жасы кезең-кезеңімен 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай 63 жасқа дейін артады. Ал ерлер 63 жаста зейнетке шығады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жасын ұзарту зейнетке ерте шығуы үшін жеңілдіктер қарастырылған әйелдердің екі санатына қатысы жоқ деген болатын:

– өмірге бес және одан да көп бала әкелген (асырап алған) және оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген аналар;

– төтенше аймақтарында және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ – Семей ядролық сынақ полигоны аймағында кем дегенде бес жыл тұрған аналар.

Депутат қамқорлыққа алуды рәсімдеу тәртібін қайта қарау қажет екенін айтты. Бүгінгі таңда бұл рәсім тоғыз айға дейін созылады. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде отбасылар қаржылық қолдаусыз қалады. Әсіресе бұл толық емес отбасыларға қиынға соғады.

Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында келесідей ұсыныстар енгізді:

– арнайы ортопедиялық аяқ киімнің сапасын ескере отырып оны беру тәртібін қайта қарау;

– балабақшаларда ақыл-парасаты сақталған мүгедек балаларға арналған топтар ашу мәселесін қарау;

– үйде оқитын балаларға арналған оқу сағаттарының толық көлемін қайтару;

– асыраушысынан айырылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы алу мүмкіндіктері туралы мәселені қарау;

– ауруханаларда неврология, пульмонология және реанимация бөлімшелерін өкпені жасанды желдету аппараттарымен жарақтандыру;

– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше мәртебе беру.

Депутат мүгедек балаларды стоматологиялық емдеу маңызды мәселе екенін айтты. 

«Мемлекеттік емханаларда барлық жерде толық ем жүргізбейді, осыған орай ата-аналардан сапаға қатысты шағым түседі. Ал мемлекеттік тіс емханаларында психоневрологиялық патологиясы бар балаларға жалпы анестезия қолданылмайды. Жеке емханаларда мұндай балаларға стоматологиялық қызмет көрсету өте қымбат», – деді депутат.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз