Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті

0

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп тағы екі қазақстандық шетелден коронавирус жұқтырып келгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі тағы екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Шұғыл ақпарат, дәл қазір белгілі болғандай, Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Ол – 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіппен айналысады. Ол кісі Мәскеуден 10 наурыз ұшып келген. Қазіргі кезде ол азамат стационарда карантинде жатыр», — деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі балаларды балабақшаға алып бармауды ұсынды 

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы бір әйел анықталды. Ол Варшава – Нұр-Сұлтан ұшағымен келген. Осылайша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.



sputniknews.kz