Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 718 болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Елде тағы тоғыз адамда Covid-19 расталды. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Түркістан облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны артты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 9 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 1, Шымкент қаласында – 3 және астанада 1 адамда вирус расталды», – деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде осы уақытқа дейін 718 адам адам Covid-19 жұқтырды.

Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан  (223 адам) мен Алматы ( 119 адам) көш бастап келеді.

Қарағанды облысында – 55, Ақмола облысында – 43, Атырау облысы – 36, Жамбыл облысында – 45, Шымкент қаласында – 23, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Алматы облысында – 10, Ақтөбе облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 6, Қызылорда облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 34, Қостанай облысында – 3.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз