Қазақстанда карантин кезеңінде балалар арасында суицид көбейді – Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылдың соңғы төрт айында елімізде 114 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелсе, оның ішінде 46 балалар суициды бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның пікірінше, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаудың саны әлдеқайда көп.

Бұл туралы депутат Артур Платонов айтып берді. Оның пікірінше, соңғы кезде өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаушылардың саны әлдеқайда көбейген.

«Карантин кезінде кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер мен аяқталған суицидтер саны екі есеге артты. Тек осы жылдың төрт айында балалар арасында 114 әрекет пен 46 өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары тіркелді. Тіркелген жағдайлардың саны бойынша төрт облыс – Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай», – деді депутат Артур Платонов.

Арнайы статистикалық ұйымдардың мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде балалар арасында аяқталған суицид деңгейінің жоғарылағаны туралы айтты депутат. Сонымен қатар Платонов кейбір ата-аналардың балаларының мұндай әрекетін жасырып қалатынын жеткізген. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз