Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні айтылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсету үшін төртінші рет қаржы бөлінуі мүмкін

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде бір рет берілетін төлемдердің үшінші толқынын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Осы аптада шағын қалалардың, ауылдардың және ірі қалаларға жақын елді мекендерде тұратын мұқтаж тұрғындар арасынан 110 мыңға жуық отбасыға атаулы қаржылай көмек көрсетіледі», — деп жазды Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар жақында қорға қосымша қаражат түсетінін атап өтті.

«Осыны ескере отырып, Елбасы еліміздің ауыл тұрғындарына тікелей назар аудара отырып, көмекке мұқтаж қазақстандықтарға қаржылай көмектің төртінші толқынын көрсету мүмкіндігін пысықтауды тапсырды», — деді Байбек.

Ол бұған дейін 23 қаланың 360 мыңнан астам отбасы бірінші және екінші толқын аясында 50 мың теңгеден бір жолғы төлем алғанын еске салды. Jas Otan қозғалысының аясында 5 мыңнан астам ерікті 240 мың отбасыға азық-түлік себетін, медициналық маска мен қажетті тауарларды жеткізді.

Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары және жеке гигиена құралдары түрінде 1 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Birgemiz қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Birgemiz қоғамдық қоры 2020 жылдың 20 наурызында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында халықтың тұрмысы төмен тобына көмек көрсету үшін құрылды.



sputniknews.kz