Қазақстанда 6 тамызда қандай іс-шаралар өтеді

0

6 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.00 –  Артериялық гипертензия және қант диабетіне шалдыққан науқастарды бүйректің созылмалы ауруы бойынша скринингтен өткізу. Кәсіби нефролог дәрігерлер тобы науқастарды қарап, қандағы креатинин мөлшерін тексереді. Скрининг мақсаты: бастапқы буын дәрігерлері мен халыққа бүйректің созылмалы ауруының ертерек алдын алу, диагностика және емдеу туралы мағлұмат беру; артериялық гипертензия және қант диабетіне шалдыққан науқастар арасында бүйректің созылмалы ауруымен ауыратындарды анықтау (Қалалық емхана №4, Шевченко көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (701) 503 09 04).

15.30 – Нұр-Сұлтан қаласының жылыту маусымына дайындығы туралы баспасөз мәслихаты. Құзырлы мемлекеттік органдар мен энергетика ұйымдары астананың 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндайды. Сондай-ақ күзде көмір сату кезінде дүрбелеңнің алдын алуға қатысты мәлімет береді (қалалық әкімдік жақтан (Бейбітшілік көшесі, 11, 103-ші кабинет. Аккредитациядан +7 (707) 926 07 96 телефон нөмірі немесе [email protected] электронды поштасы арқылы өтуге болады).

18.00 – «Тарлан» жаңа мұз айдыны кешенінде алғаш рет сырғанау. Шараға «Барыс» командасының хоккейшілері қатысады. Мұзды сынап көріп, мастер-класс көрсетуге  шабуылшылар Кёртис Волк пен Роман Старченко келеді. Спортшылар тәжірибесімен бөлісіп, хоккейдің түрлі трюктерін көрсетеді. («Тарлан» мұз айдыны, Туран көшесі, 5/1. Байланыс телефоны: +7 (701) 418 18 13).

19.00 – XX ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары тақырыбына арналған дәріс өтеді. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған көрме аясында ұйымдастырылады (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).

АЛМАТЫ

19.30 – «XIX ғасыр: фотосуреттің бастауы» тақырыбында дәріс өтеді. Дәріс кезінде фотоға түсіру саласының дамуы сөз етіледі. Орамалдағы Әулие Верониканың тұңғыш суретінен бастап электроника экспансиясына дейінгі кезең қамтылады. Фотограмма, дагерротип, обскур камерасы, Генрих Шульценің алхимиялық тәжірибесі, Томас Веджвуттың зерттеулері сынды фото жасау процесінің даму технологиясы талқыланады. Дәрісті ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Медеу» фотоклубының президенті Валерий Коренчук оқиды (Esentai Mall, Әл-Фараби көшесі, 77/8. Байланыс телефоны: +7 (700) 120 12 20).

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10.00 – Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әйелдерінің форумы. Форум Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді (Орал қаласы, облыстық мәслихат ғимараты. Аккредитация +7 778 456 09 99, +7 7172 99 94 02 нөмірлері арқылы жасалады).

7 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Танымал корей тобы туралы «BTS: bring the soul. The movie» атты деректі фильмнің тұсаукесері. Еуропа турының ақтық концертінен соң келесі күні Париждегі ғимараттардың бірінің төбесінде BTS тобы жан сырын ақтарып, жаңа қалалардан және мыңдаған ARMY алдындағы концерттерден алған әсерімен бөліседі (Kinopark кинотеатрларында).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Сенімді қабылдау» атты сайыстың ашылу салтанаты өтеді. Сол күні сағат 15.00 пен 18.00 аралығында «Мерген» сайысының бірінші кезеңі өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай.
V Халықаралық армия ойындары «АрМИ 2019» тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Бүркіт аңшылығы» сайысының ашылу салтанаты болады. Пилотсыз ұшатын аппараттар кешендері жасақтарының жарысына бес мемлекет қатысады: РФ, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай) (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Зеңбіректен ату шебері» сайысының ашылу салтанаты. Мина атқыш жасақтардың жарысына 11 ел қатысады – Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

8 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

20.00 – Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында «Астана» – «Валлетта» (Мальта) матчы өтеді. Кездесу «Астана Арена» стадионында болады. Аккредитация: +7 (701) 379 16 36 немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі.

АЛМАТЫ

09.00 – Central Asia Beauty Expo атты сән индустриясы, косметика және косметология көрмесі өтеді. Шараға 15 елден 150 қатысушы қатыспақ (Тимирязев көшесі, 42, «Атакент Экспо» көрме кешені. Байланыс телефондары: +7 (707) 823 53 67, +7 (707) 950 11 12).

19.00 – «Человек, которого не было» фильмі көрсетіледі. (Esentai Mall, Әл Фараби көшесі, 77/8, Байланыс телефондары: +7 (700) 120 12 20).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

09.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясындағы «Сенімді қабылдау» сайысының екінші кезеңі. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары «АрМИ 2019» тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

9 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Қазақстанда Q-pop жанрының негізін қалаушы «91» (Ninety one) тобының концерті өтеді. Шара аясында топ әншілері фанаттарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ олар өз иглздарына қолтаңба беріп, фотоға түседі. (Сауран көшесі 46, Конгресс орталығы).

19.00 – «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» №2 концерті өтеді. Концертте беделді отандық және шетелдік музыка университтерінде оқып жүрген талантты қазақстандық студенттер өнер көрсетеді. («Астана Опера» театры, камер залы).

АЛМАТЫ

13.00 – «На грани» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шараны AFEW Kazakhstan қоры ұйымдастырады. Оның мақсаты – сотталғандар туралы қоғам арасындағы жағымсыз пікірді өзгерту. Фотокөрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді. (SmArt.Point, Байзақов көшесі 280, Байланыс телефоны: +7 701 800 14 34).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

09.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Сенімді қабылдау» сайысының үшінші кезеңі өтеді. «Вертикальді телеграф кілті арқылы хабар беру» жаттығуы жасалады. 22.00 – «Фонорик арқылы Морзе әліппесінің таңбаларын көрсету» жаттығуы өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары «АрМИ 2019» тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10:00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Зеңбіректен ату шебері» сайысы «Дербес жарысының» бірінші кеңезі өтеді. Осы күні сағат 21:00-ден 01:00-ге дейін «Түнгі спринт» сайыстың екінші кезеңі ұйымдастырылады. Мина атқыш жасақтардың жарысына 11 ел қатысады – Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз