Қазақстанда 15 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 15 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 16-25 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

15 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның Цифрлық ХҚКО басшылығымен кездесуі өтеді (Мәңгілік ел даңғылы, С-1. Аккредитация [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

10.20 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елордалық департаменті басшылығымен кездесуі өтеді (Тоқпанов көшесі, 45. Аккредитация [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

11.20 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның Жоғарғы сот басшылығымен кездесуі өтеді (Жоғарғы сот ғимараты, Мәңгілік ел даңғылы, 8/3. Аккредитация [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

19.00 – «Мадам Баттерфляй» операсы сахналанады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

19.00 –»Художественная ситуация в Казахстане в годы репрессий» лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

16 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.10 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37. Аккредитация [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

АЛМАТЫ

19.00 – All You Need Is Art көрмесі ұйымдастырылады (Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8, Байланыс телефоны: +7 700 120 12 20).

19.00 – Людвиг ван Бетховенның туғанына 250 жыл толуына орай концерт өтеді. Шарада халықаралық конкустардың лауреаттары Еркебұлан Сапарбаев (скрипкашы), Бағдат Әбілханов (скрипкашы), Ахмет Сұлтан (альт), Ермек Құрманаев (виолончель) (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).

17 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Қазақстан-Словакия іскерлік дөңгелек үстелі өтеді (ҚР сыртқы істер министрлігі. Аккредитация [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

19.00 – «Вечер у камина» концерті («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 – Александр Хакимованың «Эволюция красоты» атты сурет көрмесі өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: 7 (727) 394 57 15).

18 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00/16.00 – «Элвин и жители волшебного леса» спектаклі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

19.30 – Шоқыну мерекесі қарсаңында крест жорығы өтеді. Ол Константин-Еленинск соборында басталып, елорда жағалауында аяқталады.

20.00 – Жаппай суға түсу орындары ашылады. Жаппай суға шомылу орындары 18 қаңтар сағат 24.00 дейін жалғасады, 19 қаңтарда – 08.00 бастап, 01.00 дейін.

АЛМАТЫ

15.00 – Nuit de la Lecture француз әдебиетіне арналған төртінші жыл сайынғы кеш (Алматы қаласының Француз альянсы, Достық даңғылы, 160. Байланыс телефоны: +7 707 292 14 22).

19.00 – Almaty Symphony Orchestra джаз концерті (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).

19 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – «В театр приглашают дети» концерті өтеді. Онда «Астана Опера» театрының балалар театр студиясының тәлімгерлері өнер көрсетеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

21 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Приношение Бетховену» концерті өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев даңғылы, 1).

24 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Корей жаңа жылы аталып өтеді. Мерекелік шараға кіру тегін (Корея мәдени орталығының шағын кинозалы, «Нурсәулет-2» бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 (7172) 90 11 13).

25 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Абай» операсы қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз