Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 12 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 13-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

12 сәуірге жоспарланған шаралар

15.00 – «Астана Опера» театрының «Сұрақ қой» айдары. Тікелей эфирде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балерина, хореограф Гауһар Усина (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Дон Карлос» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 – Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясындағы онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Шопениана», «Шехерезада» күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Абай» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз